Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды

Күні: 10:57, 14-06-2019.

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ – Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен бейсенбі күні.
«Трумов Серікбай Өтелгенұлы Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген бейсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Бұған дейін Трумов 2017 жылдан бастап Маңғыстау облыстық мәслихатының VI шақыртуының хатшысы, ал оған дейін 2015 жылдан 2017 жылға дейін Ақтау әкімі болған. Одан бұрын 2012-2015 жылдар аралығында Жаңаөзен әкімі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: