Маңғыстау облысының әкімі жұмыс сапарымен Жаңаөзенге барды

Ақтау. 17 шілде. ҚазТАГ  Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен Жаңаөзенге барды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев жұмыс сапарының аясында Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Бұрғылау» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті», - деп көрсетілген жұмадағы хабарда.
Кездесу барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров 2015 жылдың 6 айындағы компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері мен талдауы туралы айтып берді.
Сондай-ақ әкім «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Круз» ЖШС және «Жөндеу» ЖШС кәсіподақ комиттерінің төрағаларымен жүздесіп, оның барысында кәсіпорынның еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік хал-жай деңгейін көтеру жөніндегі кәсіподақтардың ілгергі қызмет мәселелері талқыланды.
Одан өзге, А. Айдарбаев Жаңаөзендегі іс басындағы су тазартатын стансаның аумағында «тәулігіне 50 мың м3 дейін Еділ суын жеткізуді ұлғайтумен бірге, тәулігіне 30 мың м3 дейін Еділдің ішуге жарамды суын дайындауға арналған су тазартатын ғимараттар құрылысы» жобасының жүзеге асу барысымен танысты. Жобаның жалпы құны Т2,102 млрд-ты құрады.
«Жыл сайын қаланың су құбыры желісіне 2000-нан астам абонент қосылып отырады. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жж. кезеңдегі Әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарына сәйкес жеке сектордың 7000-ға жуық тұрғын үйін қосу жоспарлануда. Қосымша су тазартатын құрылыстарды салу резервуарлық саябақтағы су қорын 150 мың адамға деген есеппен үш тәулікке ұлғайтудағы қала қажеттілігін қанағаттандырады», - деп хабардар етті Жаңаөзен әкімі Елубай Әбілов.

adimage