Маңғыстау облысының әкіміне кандидат мінген ұшақ Ақтауға жақындады

Ақтау. 17 мамыр. ҚазТАГ – Маңғыстау облысының әкіміне кандидат мінген ұшақ Ақтауға жақындады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ашық дерек көздеріне сәйкес, мемлекеттік борт Ақтауға жақындады. Бұған дейін ҚазТАГ Маңғыстау облысының жаңа әкімін өңір активіне президент әкімшілігіне жаңа тағайындалған Айбек Дәдебаев таныстыратынын хабарлаған еді.
Бұған дейін ҚазТАГ Маңғыстау облысы әкімін тағайындауға келісім алу үшін облыс аумағында орналасқан мәслихат депутаттарын сағат 17.00-ге шақырып жатқанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, 16 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қызметінен босатқан еді.
Бір күн бұрын – 15 мамырда Маңғыстау облысында ҰҚКД басшылығы ауысатыны белгілі болып еді. Бұл ақпарат өңірде «кадрлық тазарту» басталды-мыс деген хабар пайда болған кезде тарады, соның ішінде полиция департаментінің бастығы да ауысуы мүмкін екен.
Кейін белгілі болғандай, Маңғыстау облысы ҰҚКД бастығы болып Бақытжан Валениязовтың орнына Серік Әміров тағайындалған.

adimage