Маңғыстау облысының прокуроры ауысты
Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысының прокуроры болып Дастан Сартаев тағайындалды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың 2014 жылғы 21 қазандағы №154/6 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Дастан Шәймерденұлы Сартаев Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі бас прокуратура сайтындағы хабарда.
Бұл қызметте Д.Сартаев Сабыржан Бекбосыновты ауыстырды.
Бұған дейін Д. Сартаев Павлодар облысы прокурорының қызметін атқарған.