Маңғыстау тұрғынынан 127 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Ақтау. 14 мамыр. ҚазТАГ- Маңғыстау тұрғынынан 127 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жалпы салмағы 127 кг болатын 49 дана балық ауыл тұрғынынан тәркіленді. Аталмыш дерек ҚР ҚК 339 бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СТБТ) тіркелген», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
Полицияда нақтылағандай, заңсыз сақталған бекіре тұқымдас балықтарды табиғатты қорғаушы полиция қызмектерлері 13 мамырда Басқұдық ауылындағы үйлердің бірінен сағат шамамен 21.00-де анықтаған.

adimage