Маңғыстау тұрғынының полицейлер тарапынан соққы алғаны туралы арызына ПД түсінік берді

Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ - Маңғыстау тұрғынының полицейлер тарапынан соққы алғаны туралы арызына облыстық полиция департаментінен (ПД) түсінік берді, деп хабарлады lada.kz.
«Бүгін 2019 жылдың 31 желтоқсаны. Менің есімім Қарашолақов Ерасыл Серікұлы. Мен қазір облыстық ауруханада жатырмын, себебі мені Мұнайлы ауданының полиция қызметкерлері өз кабинеттерінде соққыға жықты. Соның салдарынан мен бүйрегімнен айырылдым, ол жарылып кетіпті. Мен прокуратураға және ӨҚБ (өзіндік қауіпсіздік басқармасына – ҚазТАГ) арыз жаздым, бірақ олар ештеме жасамады. Мен құрметті облыс әкіміне жүгініп отырмын. Осы істі жеке бақылауыңызға алып, кінәлі полиция қызметкерлерін жазалауыңызды сұраймын», - деген Ерасыл видеомәлімдемесінде.
Кейін – 3 қаңтарда ол тағы да видеомәлімдеме жасаған, онда оны төрт полиция қызметкерінің 2019 жылдың 25 желтоқсанында ұстап алып, кабинеттеріне апарып, ұрып-соққандарын, қинағандарын, соның салдарынан бір бүйрегінен айырылғанын айтқан.
«Мен шамамен 10 күн бұрын прокуратура мен ӨҚБ-ға арыздандым, бірақ еш хабар жоқ, үнсіз. (…) Төрт полиция қызметкерін жазалауыңызды сұраймын. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында осындай заңсыздық болып жатыр», - деген ол.
Өз кезегінде облыстың ПД баспасөз қызметінде соққыға жығу дерегін жоққа шығарды.
«Ерасыл мен Маңғыстаудың тағы бір тұрғыны Мұнайлы ауданы Әмір шағын елдімекенінде ұсталды. Оларды мал ұрлығы күдігі бойынша ұстаған. Ерасылдың мал ұрлығына қатыстылығына дәлелдер бар. Оның көлігін олар мал ұрламақ болған кезде үй иесі көрген. Алдымен ол өзі ұрыларды тоқтатпақ болған, тоқтата алмайтынын білгенде, таныстары мен учаскелік полицейге хабарласқан. Мал ұрыларын ұстауға бәрі кіріскен: мал иесінің таныстары да, полицейлер де. Көліктің қандай екені туралы ақпарат жол-патрульдік қызметіне хабарланып, олар өз кезегінде жолды жапқан. Полиция қызметкері мен үш ауыл тұрғын күдіктілерді Басқұдық ауылынан ұстаған. Ашудан мал иесінің танысы Ерасылды ұрған. Екінші күдікті қашып кетпек болған. Алайда ол да көп кешікпей ұсталды. Сосын екеуін де Мұнайлы ауданы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді», - деді ведомство баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, полиция бөлімшесінде Ерасыл ішінің ауырып тұрғанын айтқан, бірақ оны асқазан жарасы болуы мүмкін деген.
Тәртіп сақшылары дәрігер шақырған, олар Ерасылды қарап кеткен. Кешірек күдікті тағы да ішінің маңайы қатты ауырып бара жатқанын айтқан, сөйтіп оны ауруханаға жеткізген.
«Күдіктілерді соққыға жыққан жоқ, оған учаскедегі бейнекамерадағы жазба куә. Тергеу амалдары ұстау кезінде Ерасылды ұрған мал иесінің танысына қатысты да жүргізілуде. Ол болса ұрғанын мойындады. Оған қатысты ҚР ҚА 106 бабы 1 бөлімі бойынша тергеу жүргізіліп, «ешқайда шықпау» түрінде бұлтартпас шарасы тағайындалды», - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінен.

adimage