Маңғыстау және Атырау облыстарында қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:23, 24-10-2018.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау және Атырау облыстарында қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«25 қазанда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін күтіледі. Актау қ: 25 қазанда желдің екпіні 18 м/с дейін күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 25 қазанда Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Атырау қ.: 25 қазан күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді.


Жаңалықтармен бөлісу: