Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«07 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 қазанда шаңды дауыл, жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с», - делінген жексенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 7 қазанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Орал қ.: 7 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage