Маңғыстау және Иран провинцияларының кәсіпкерлері ынтымақтастықтың келешекті бағыттарын талқылауда

Ақтау. 22 шілде. ҚазТАГ  Бизнес-форум барысында Маңғыстау және Иран провинцияларының кәсіпкерлері ынтымақтастықтың келешекті бағыттарын талқылауда, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ақтауда «Маңғыстау облысы және Иран Ислам Республикасы провинцияларының инвестициялық мүмкіндіктері» атты бизнес-форум бастауын алды. Форумда тараптар ынтымақтастық келешектерін талқылауда. Бизнес-форум барысында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Мазандаран сауда, өнеркәсіп, шахта және ауыл шаруашылық палатасының арасында қызметтестік туралы меморандумдарға қол қойылады», - делінген облыс әкімдігінің сайтындағы сәрсенбілік хабарда.
Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарланып отырған перспективалы бағыттардың көп екені атап көрсетіледі. Атап айтқанда, тараптар мұнай, газ және электроэнергетика, транзиттік әлеует, ауыл шаруашылығы мен балықшылық, құрылыс салаларына екпін жасауды жоспарлап отыр.
«Қазір бізде осының өзінде өңірімізге цемент, құрылыс жабдықтарын жеткізу жөніндегі серіктестік қарым-қатынастар жолға қойылған. Маңғыстаудан Иранға қара түсті металл, металл сынықтары жеткізіледі. Бүгінде осы байланыстарды дамытып, оларды ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, тамақ тауарларын жеткізу және басқа да көп салаларда ретке келтіру мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшы орынбасары Нұрбек Қарасаев.
«Маңғыстау облысы және Иран Ислам Республикасы провинцияларының инвестициялық мүмкіндіктері» екіжақты бизнес-форумы Ақтауда 21-24 шілде күндері өтіп жатқан ирандық өндірушілердің төрткүндік көрмесінің аясында өтуде.

adimage