Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қ : 16 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Өскемен қаласында 16 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында 16 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді», - деді синоптиктер

adimage