Маңғыстауда ағымдағы жылдың 5 айында БЖК бағдарламасы бойынша 10 жоба мақұлданған

Ақтау. 7 шілде. ҚазТАГ  Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 5 айында «Бизнестің жол картасы-2020» (БЖК) бағдарламасы бойынша 10 жоба мақұлданды, деп хабарлады облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі м.а. Светлана Нарешова.
«Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесті дамытуда жағымды ілгерілеу сақталып отыр. Көрсеткіштер біздегі қарқынның бәсеңсімей келе жатқанын айғақтауда. Адамдар жеке бизнесін ашуға және шағын несиелеуге қуана-қуана баруда. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы іс басындағы субъектілердің саны 2015 жылдың 1 маусымында 46,5 мың бірлікті құрады, 2014 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғандағы өсім 8,4%-ды құрады», - деп хабарлады С. Нарешова.
Оның айтуынша, облыста шағын және орта бизнесмен айналысатындардың саны 8,8%-ға ұлғайып, 95,9 мың адамға дейін жетті. ШОБ субъектілері шығарған өнімдер көлемі 12%-ға ұлғайды.
«Халықтың шағын және орта бизнестегі экономикалық белсенді бөлігі 5,2%-ға ұлғайды. «Бизнестің жол картасы  2020» бағдарламасының аясында ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 1,8 млрд теңгелік сомаға 10 жоба мақұлданды. Қаңтар-мамырда халыққа 208,4 млн теңгелік сомаға 86 шағын несие берілді. Салыстыру үшін 2014 жылы дәл осы кезеңде 261,2 млн теңгеге 70 шағын несие берілген болатын», - деп айтып берді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі м.а.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есептемей-ақ) 2015 жылдың қаңтар-мамырында Т118,5 млрд салық және басқа да міндетті төлемдер келіп түскен, оның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер 10,5%-ға ұлғайып, Т47,5 млрд-қа дейін жеткен.

adimage