Маңғыстауда балалар жұқпалы ауруханасында бір жарым жасар бала көз жұмды

Ақтау. 8 ақпан. ҚазТАГ - Маңғыстауда балалар жұқпалы ауруханасында бір жарым жасар бала көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«(Бір жарым жасар бала – ҚазТАГ) 27 қаңтарда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне келіп түсті, ол өздігінен демала алмады, өкпені жасанды демелту аппаратына қосылды, алайда 29 қаңтарда жалпы ағзасының әлсіреуінен бала көз жұмды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасынан.
Басқармада атап өткендей, бала ұзақ уақыт бойы сепсиспен ауырған.

adimage