Маңғыстауда денсаулық фестивалі өтті

Ақтау. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Мұнайлы ауданы Маңғыстау аулында жыл сайынғы денсаулық фестивалі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
1 мың адам қатысқан фестиваль мемқызметкерлердің және аудан орталығы жастарының қатысуымен өткен велошерумен бастау алды. Фестиваль бағдарламасына сондай-ақ спорттық жарыстар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, флешмоб пен концерттік бағдарлама енді.
Бұдан бөлек, денсаулық сақтау басқармасының атынан «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына үлес қосқан белсенділер марапатталды. Олардың арасында аудан басшысы Нұрлан Тәжібаев пен меморгандардың өкілдері бар.
Сондай-ақ салауатты өмір салты орталығы жариялаған облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Сөйтіп, «Саламатты ауыл» аталымында Басқұдық ауылдық округінің әкім аппараты жеңіске жетті. Қызылтөбе адғашқы медициналық жәрдем көрсету орталығы үздік медициналық мекеме атанды. Үздік мемлекеттік ұйым деп Мұнайлы аудандық мәдениет және спорт бөлімі танылды. Ең саламатты жалпы білім беретін ұйым деп №5 мектеп танылды, мақтауға «Алтын сақа» балабақшасы да лайық болды.
Одан өзге, Дәулет ауылдық балалар-жас өспірімдер спорттық мектебінің бапкері Нұрсұлтан Айтбаев марапатталды, ал үздік мемқызметкер болып аудан әкімдігінің басшысы Дастан Мұрадәлиев танылды. «Үздік ұйымдастырушы» аталымында аудандық жастар орталығының директоры Гүлмира Себепбаева сыйлық алды.
Фестиваль аясында аудан тұрғындары жылжымалы медициналық орталықтың қызметтерін пайдалана алды.
Фестиваль Маңғыстау облысының барлық аудан орталықтарында және Жаңаөзен қаласында өтті.

adimage