Маңғыстауда «Мектепке жол» акциясына дайындық басталды

Ақтау. 29 шілде. ҚазТАГ – 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы өтеді, деп мәлім етті Маңғыстау облыстық білім басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірова.
«Акция мақсаты – жаңа оқу жылына дайындалуда тұрмысы  өмен отбасыларының балаларына көмектесу және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуын болдырмау. Білім органдарында «жедел желі» телефондары жұмыс істейді. Оған көмекке немесе кеңеске мұқтаж балалар мен отбасылар жүгіне алады. Маңғыстау облысының білім басқармасының сенім телефоны 31-86-33», - деді сәрсенбі күні З. Тастемірова.
Оның айтуынша, аймақтың қалалары мен аудандарында мектеп жәрмеңкелері өтеді де, онда тауарлар арзан бағалармен сатылатын болады, тұрмысы жұпыны отбасыларға қамқоршылар тағайындалады.
Сондай-ақ З. Тастеміров биыл акция «Балаларға бірге көмектесейік» ұранымен өтетінін қадап айтты. Аймақ басшылары, оқушыларға жергілікті атқару органдары, жебеушілер, өңір кәсіпорындары, және бейтарап бола алмайтын азаматтар көмектеседі деп есептейді.
Сонымен қатар осы акция аясында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы да өтеді. Құқық қорғау органдары білім басқармасының қызметкерлерімен бірге қоғамдық орындар мен компьютерлік клубтарды аралап, себепсіз мектептерге бармай жүрген балаларды анықтаумен айналысады.  
«Білім басқармасы соңғы айға жоспарлаған соңғы акцияларының бірі «Мектеп оқулығы» деп аталады. Ол оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуге және кітапханалар мен кітапханашылардың мәртебесін көтеруге бағытталған. Акция 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жалғасады», - деді З. Тастемірова.

adimage