Маңғыстауда онкологиялық диспансердің ғимаратын қайта жөндеуге Т2 млн бағытталды

Күні: 18:33, 11-10-2014.

Ақтау. 11 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстауда онкологиялық диспансердің қасбетін қайта жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млн 54 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар қазір жасалған, мердігерлер жұмысқа кірісті», - деді сенбі күні диспансердің бас дәрігері Нұрлан Мұқанов.
Ол сондай-ақ, жұмыстар қазан айының соңына дейін аяталады дейді.  
«Біздің міндетіміз – ауру мүгедектерге, оның ішінде арбамен жүретіндерге қозғалуы жеңіл болуы үшін пандус жасау. Екіншіден, бас ғимараттың қасбетін қайта жөндейміз. Әр кезде салынған барлық бес ғимарат та сырт көрінісінен бір  ансамбльге бірігеді», - деді Н. Мұқанов.
Одан басқа, қазан айының соңында облыстық аурухана базасындағы диспансердің стационарлық бөлімінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компаниялар анықталады.
Қосымша ғимаратты іске қосумен төсектер саны 55-тен 70-ке дейін көтеріледі.


Жаңалықтармен бөлісу: