Маңғыстауда Шоқыр Бөлтекұылын еске алу құрметіне ұйымдастырылған бокс турниріне 8 елдің спортышлары қатысады

Күні: 18:01, 14-10-2014.

Ақтау. 14 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұылын еске алу құрметіне ұйымдастырылған халықаралық VIII бокс турниріне 8 елдің спортышлары қатысады, деп мәлім етті North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының баспасөз қызметінен.
«Ақтау қаласында Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. (НКОК) Маңғыстау облысының билік органдарымен және Маңғыстау бокс федерациясымен бірлесіп Ақтау қаласында Қазақ боксының негізін салушы Шоқыр Бөлтекұлының рухына бағышталған 8-ші Халықаралық бокс турнирін өткізді», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, мұндай деңгейдегі турнир Ақтау қаласында 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл бес күн ішінде чемпион атағын иелену үшін сегіз елден 110 спортшы тартысады. Жарыс 1936 ж. Қазақ ССР-і кезінде әуесқой боксты алғашқы болып дамыта бастаған әйгілі спортшы Шоқыр Бөлтекұлының рухына бағышталған.
Бір айта кетер жайт, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының шешіміне сәйкес Шоқыр Бөлтекұлының рухына бағышталған дәстүрлі халықаралық турниріне 2009 ж. "А" класы беріліп, оның жеңімпаздары бокстан "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағын иелену құқығын алды. Бұл турнир AIBA кестелік жоспарына енгізілген және халықаралық мәртебеге ие.
Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын, достықты және отаншылдықты насихаттау. НКОК өкілдерінің айтуынша, осы мақсаттар Консорциумның жергілікті жұртшылықты қолдау туралы мақсаттарына сәйкес келеді.
НКОК шараның бас демеушісі атанып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен жүлделер дайындады. Бұл шара Консорциумның экономикалық тұрақтылық пен молшылықты арттыруды қамтамасыз етіп, денсаулық қорғау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спортты қолдап, дәулетсіздерге көмек көрсетуге бағытталған демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында өткізілді.  
Жыл сайын Консорциум балалар өмірін жақсарту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып отырады. Өткен жылы Консорциум ДҚК бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау мен Атырау облыстарында 71 жобаны іске асыруға демеушілік көмек көрсетті.  


Жаңалықтармен бөлісу: