Маңғыстауда ұсынылған жұмыстан бас тартқан жұмыссыздарға жәрдемақы төленбейді

Ақтау. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – 2016 жылдың қаңтарынан бастап Маңғыстау облысының жұмыспен қамту органдары ұсынсынан бас тартқан жұмыссыздарға жәрдемақы төленбейді, деп мәлімдеді облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы  Гүлмира Қалмұратова.

«Бізде атаулы көмекті алушылардың  25%-дан астамы еңбекке қабілетті жастағы жұмыссыздар мен жұмысы барлар. Тіпті екі-үш жыл бойына 80 мың теңгеге дейін жәрдемақы алатын балалары бар  тіркелген жұмыссыздар да бар, олар біз ұсынған жұмыстардан бас тартады. Бұл ретте, олар, мысалы такси болу арқылы жасырын пайда табуда, сондықтан оларға жұмыссыз болып қалу тиімді», - деді Г.Қалмұратова.  

«1 қаңтардан бастап ұсынылған жұмыстан бас тартқан аталмыш санаттағылар әлеуметтік жәрдемақы алмайтын болады», - деп толықтырды ол.  

Г.Қалмұратова тиісті өзгертулердің атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға енгізілетінін түсіндірді.  
Бұл ретте, жәрдемақыдан тек ұсынылған жұмыстан бас тартқандар ғана қағылады. Ал олардың 18 дейінгі балаларына, мүгедектермен заңға сәйкес жәрдемақы төленуі тиістерге қаражат бұрынғы көлемде түсіп тұрады.  

Г.Қалмұратова 1 шілдеден бастап өңірде жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге ықпал ету бағдарламасына белсенді қатысқан жағдайда еңбекке қабілетті аз қамтылған отбасы азаматтарына шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасының пилоттық тәртіпте іске асырыла бастағанын еске салды.  

«Аталмыш бағдарламаға қатыса отырып, азаматтар тек жәрдемақы алуға ғана шектілеп қалмайды. Жұмыс жасау арқылы олар мемлекеттік төлем алады, осылайша жалпы кірісін арттырады», - деп түсіндірді ол.  

Аталмыш бағдарлама бойынша әлеуметтік төлемдерге Маңғыстау облысының әкімдігі Т25 млн астам қаржы бөлген. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері 129 адамнан тұратын 22 отбасы тартылды. Қазіргі таңда қол қойылған әлеуметтік келісім-шарттар аясында еңбекке қабілетті жастағы барлық жұмыссыздар жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 7-уі тұрақты жұмыс орындарына, 14-і уақытша.

adimage