Маңғыстауда тұтқындардың азаптауға қарсы наразылықтан ауздарын тігіп тастаған соң тергеу басталды

Күні: 15:27, 26-09-2019.

Ақтау. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Маңғыстау облысындағы ГМ 172/6 мекемесінде тұтқындаушылар азаптауға қарсы наразылықтан ауыздарын тігіп тастаған соң тергеу басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Оқиға орнына облыстық прокуратура мен тергеу-жедел тобының қызметкерлері шықты. Сотталғандардың мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы арыздары прокуратураның СТБТ –ге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 1-бөлігі (азаптау) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелді», - делінген бейсенбіде Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Наразылыққа үш сотталған қатысты. Бұған дейін олар түрме қызметкерлерінің әрекеттеріне наразылық ретінде аузын тігіп, тамақтанудан бас тартқан.  
«Қылмыстық істі тергеу облыс прокурорының бақылауында. Тұтқындар тігістерді шешіп, тамақтана бастады», - деп атап өтті прокуратура.
Бұрын видео жарияланған болатын, онда кісі өлтіргені үшін сотталған, 2013 жылдан бастап ГМ 172/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 25 жастағы ер адам прокурормен кездесуге рұқсат етілгенге дейін тамақтанудан бас тартып, аузын тігіп тастаған.
«Осы әрекеттер арқылы мен денсаулығыма зиян келтіремін. GM 172/6 мекемесі әкімшілігінің әрекеттері мені осы қадамға итермеледі. Олар менің конституциялық құқығымды бұзады. Прокурордан біздің колониямызға келуін, мені және басқа да сотталғандарды қабылдауын сұраймын», - деді сотталушы, содан кейін ол аузын тіге бастады.


Жаңалықтармен бөлісу: