Маңғыстауда түйе ауруына қатысты жағдайды 2020 жылдың қаңтарында тексеруді жоспарлауда

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында түйе ауруына қатысты жағдайды 2020 жылдың қаңтарында егжей-тегжейлі зерттейтін болады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының және Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының деректері бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде түйелердің шешегіне күдік туралы хабарлама келіп түсті. Қыркүйек айында-6 бас түйе, қазан айында-3 бас түйе, желтоқсан айында-5 бас түйе», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, эпизоотологиялық тексеру және сынама алу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РММ (бұдан әрі – «ВБҰРО» РМК) қызметкерлері бірнеше рет жіберілді.
«ВБҰРО» РМК хаттамалық сынақтарға сәйкес қыркүйек және қазан айларында алынған биологиялық сынамалар – теріс. Желтоқсанда қосымша түйелердің сынамалары алынып «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Маңғыстау облыстық филиалына жіберілді, кейін «ВБҰРО» РМК -ға қайта жіберіледі», - деп хабарлады ауыл шаруашылық минінен.
Министрлікте атап өткендей, «ауру жануарлардың арасында өлім жоқ, клиникалық белгілері бойынша түйенің шешегі алынып тасталады».
«Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында А.Ж. 16-21 қазан аралығында зерттеу мақсатында қосымша 45 түйеден (Маңғыстау ауданы - 6 бас, Қарақия ауданы - 33 бас, Жаңаөзен - 6 бас) биологиялық материал іріктелді. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін «ВБҰРО» РМК жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оның ішінде аусыл, пастереллез, листериоз, сібір жарасы, туберкулез және шешек ауруларына жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс болып шықты. Нәтижелер Комитеттің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына жіберілді», - деп түсіндірді ведомстводан.
Маңғыстау облысының ветеринария қызметі тарапынан тұрақты негізде халық арасында ветеринария саласындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өту қажет.
«Мәселен, 2019 жылы аудандық және қалалық инспекциялар түсіндіру жұмыстары мен семинарлар өткізді - 308, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарлары аурулары бойынша - 23. Аймақтың эпизоотиялық жағдайы Маңғыстау облысының ветеринариялық қызметінің бақылауында», - деп атап өтті ауыл шаруашылық минінен.
2019 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша АЖЖ базасында тіркелген Маңғыстау облысындағы түйелердің жалпы саны-69 022 басты құрайды, оның ішінде аудандар бойынша: Маңғыстау - 23 258 бас; Бейнеу - 19 605 бас; Қарақия - 11 478 бас; Түпқараған – 7 212 бас; Мұнайлы - 4 995 бас; Ақтау қ. - 178 бас; Жаңаөзен қаласы-2 296 бас.

adimage