Маңғыстаудағы әскери бөлімшеде әскери жауынгер қаза болды

Күні: 15:47, 13-10-2014.

Ақтау. 13 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстаудағы әскери бөлімшеде әскери жауынгер қаза болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Оқиға бұдан бірнеше күн бұрын Бейнеу кентіндегі 2087 әскери бөлімшеде орын алды. 20 жасар жауынгер казармада талып құлаған», - деді тілшіміз дүйсенбі күні.
Жауынгерге медициналық көмек көрсетілгенімен, құтқару мүмкін болмады. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтап береді.


Жаңалықтармен бөлісу: