«Мағыстаугеология» АҚ акционері Ерлан ІҢКӘРБЕКОВ: «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙШЫЛАР ГРУЗИЯЛЫҚ СӨЗБҰЙДАҒА ҰШЫРАСТЫ»

 

Тбилиси. 4 наурыз. ҚазТАГ –  Грузияның қайраңында Қазақстанның қатысуымен алғашқы халықаралық мұнай консорциумы құрылуы мүмкін. «Ақсай BMC» Тбилиси шенеуніктерінің сөзбұйдалығы мен түсініспеушілігін сейілту үшін Астанада үкіметаралық комиссияның отырысын күтуде. Батыс Грузияда мұнай іздеу және көмірсутегін іздестіру келешегі жайлы ҚазТАГ тілшісіне «Мағыстаугеология» АҚ-ның басты акционерлерінің бірі Ерлан Іңкәрбеков айтып берді.                   

 

- Қазақстан-грузиялық  «Ақсай BMC» кәсіпорнының акцияларының бақылау пакеті сіздің компанияға тиесілі. Ал сіздің компанияңыз Грузияда мұнай іздеу және өндіру құқығына ие. Осы бизнестің қаншалықты келешегі бар?

 

 - Біз оған қазірдің өзінде 5 млн қаражат салдық және нақты келешегін көріп отырмыз. Біздің жүргізген барлауымыз батыс Грузияда мұнай барлығын көрсетті. Әрине, олар ірі кеніштер емес, ұсақ мұнай қапшықтары. Оған дәл бұрғылап түсу керек және оларды бір себетке жинау керек. Бұл жұмысты көп қажет ететін, пайданы асыра бермейтін тірлік. Егер мұнай бағасы осылай сақталып отырса, онда бұл жұмыс өзін ақтайды. «Ақсай BMC» лицензиясы 2006 жылы 25 жылға берілген және біз осы аралықтың барлығында Грузияда қалып жұмыс істегіміз келеді.

 

- Әңгіме қандай алаңдар туралы болып отыр және жұмыстың қандай көлемі атқарылып қойды?

 

- Лицензияланған учаске 5,2 мың шаршы км-ден асады, Қара теңіздің жағалауынан 200 км-дей жерді алып жатыр. Келісімшарт бойынша біздің жұмыс үш кезеңге бөлінген. Біріншісі, қолдағы бар материалды цифрлау және талдау, екіншісі – сейсмикалық жұмыс жүргізу, үшіншісі кем дегенде бір ұңғыдан бұрғылап отыру. Бірінші және екінші кезеңнен біз өттік. Даладағы жұмыс 2011 жылғы көктем және жазда жүргізілді. Бұл өте күрделі болды, себебі біз бұрғылап, қопару жұмыстарын жүргіздік, ал бұл жерде халық тығыз орналасқан және ол жерлерде қарықтар көп.

Дегенмен біз алғашқы болып, батыс Грузияда 3D-сейсмика жұмыстарын жүргіздік. Оны американдық PGSкомпаниясы өңдеді. Онда 1 мың метрлік тереңдікте жаңа нысандар табылды. Ол 80-ші жылдары жасалған 2D-сейсмикада анықталмаған болатын. Біз сондай-ақ ескі екі ұңғыны балансымызға алып, инфрақұрылымын абаттандырып, жерді бұрын төгілген мұнайлардан қайта тазарттық. Жергілікті халыққа жұмыс тауып бердік, біздің компанияның қызметкерлерінің 90%-ы Грузия азаматтары. Оның барлығын біз 2011 жылдың соңында аяқтадық. 2012 жылдың наурызында проблемалар туындап, содан бері жұмыс тоқтап тұр.

 

- Ол қандай проблемалар?

 

- Келісімшарт бойынша бізде 2012 жылдың мамыр айының аяғына дейін ұңғы бұрғылау көрсетілген болатын. 2011 жылы қазанда сейсмикалық тексерудің алдын ала мәліметтерін, ал 2012 жылы қаңтарда ақтық мәліметтерді алдық. Біз бұрғылау жұмыстарына дайындықты бастап, Қазақстаннан бұрғылау жабдықтарын дайындай бастадық. Оны Грузияға жеткізу үшін бірнеше ай керек. 2012 жылы наурызда біз комитетке өз жобамызды ұсындық. Онда мың метрлік үш ұңғыны бұрғылау жоспарланған, кенет біз оған келісім ала алмадық.

Грузияның мұнай және газ ұлттық агенттігі жобаны кем дегенде 2200 метрге бұрғылау керек деп өзгерутімізді талап етті. Ал ол үлін басқа станок, басқа мерзімдер қарастырылуы керек. Ал 2200 метрге бұрғылау үшін Грузия жағдайында 4 ай керек, ал оған дайындыққа алты ай керек. Ондай ұңғыны бұрғылайтын станоктарды Грузияға жеткізу үшін 45 темір жол платформасы керек. Ол Қазақстаннан шығып, Каспийден өтіп, Әзербайжанда қайтадан темір жолға тұруы тиіс бүтіндей бір құрам. Ол Грузияға жетуі үшін кедендік барлық рәсімдерден өтуі тиіс. Материалдарды жеткізу үшін тағы бір темір жол құрамы керек.

 

- Агенттік өздерінің талабын немен негіздеп отыр?

 

- Келісімшарта біз ең терең қабатты да тексеру керек деп жазылғандығымен. Бірақ ол қабат 5 мың метр де, 7 мың метр де болуы мүмкін ғой. 2200 м ең терең қабат деп кім айтты? Яғни, құзыретті орган бізге Кола түбегіндегідей 12 262 метрлік ұңғы бұрғылауға да міндеттей ала ма? Ал зерттеулер 1 мың м. тереңдіктен ары қарай бұрғылау – мағанасыз  екенін көрсетіп отыр. Мұнай саласында терең қабат деген ұғым жоқ, оның орнына перспективалы қабат деген ұғым бар. Нақты іс жүзінде, келісімшарттағы жазу кезінде, құжаттарды дайындағанда, біздің жіберген қателігіміз және жалпы әлемдік тәжірибеде ондай жоқ.

Егер наурыз айында бізге рұқсат еткенде, біз жобаны көрсетілген уақыт аралығына сыйғызар едіп. Бірақ жаңа жоба жасауға тура келді. Ол сәуір айында дайын болып, біз оны агенттікке тапсырғанымызбен, үйлестіру комитетін бір ай бойына жинай алмадық. Жобаны мамыр айында ғана мақұлдады, бірақ осы айда біздің келісімшарттағы мерзім аяқталды. Жер қойнауын пайдалану агенттігінен үшінші кезең мерзімдерін ұзартуға келісті. Біз оны 2012 жыл соңына дейін жылжытпақшы едік, ал агенттік қыркүйек айына дейін деді, нәтижесінде 1 желтоқсанға деп келістік.  

Бірақ сөзбұйдалық шұбалаң себепті тек тамыз айында ғана тиісті толықтыруларды келісімшартқа енгіздік. Сол кезге дейін күтуге тура келді, біз қолда құжатсыз миллионды инвестициялай алмаймыз ғой. Сондықтан тек қыркүйек айында ғана жаңа бұрғы станогы мен қажет материалдарды іздестіру басталды. Әрине, осындай қысылтаяңда біз үлгере алмадық та барлығы тағы тоқтап қалды. Бізде лицензия бар болғанымен келісімшартымыз жоқ, ал онсыз біздің қолымыз байлаулы.

 

- Бұл проблеманы шешу үшін не атқарылып жатыр?

 

 - «Ақсай BMC» басшылығы былтырғы қазан және қарашада жергілікті мұнай және газ агенттігін ескертіп, үлгермейтінімізді ескертіп, келісімшартты ұзартуды сұрағанбыз, бірақ олардан әлі жауап жоқ. Грузияда сайлаулар өтті, билікке жаңа үкімет келді де алдыңғылардан істі қабылдай бастады. Біздің салалық министріміз Каха Каладзе болды. Әрине, ол біздің саламыздың маманы емес. Ал жер қойнауын пайдалану агенттігінің бастығы бұрынғы бастық және министр оның пікіріне құлақ асады, ал біздің мәселеміз бойынша оған Қазақстан елшілігі де жүгінген болатын...

Біз Кахи Каладзенің атына бірнеше рет хат жаздық, премьер-министр Бидзина Иванишвилиге жүгіндік, агенттік басшысы Георгий Татишвилиге жаздық, кездесіп, мәселелерді талқылауды ұсындық, алайда еш жауап ала алмадық. Енді біздің басты үмітіміз жақында Астанада өтетін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-грузиялық үкіметаралық комиссияның отырысымен байланысты. «Ақсау ВМС» ұшырап отырған жағдайға назар аударылып, бюрократиялық кедергілерді еңсереміз деп үміттенеміз.

 

 

- Олай болмаса?

 

 

- Онда келісімнің шарттарын бұзғаны үшін Грузия үкіметін сотқа береміз. Біз басшылыққа алып, алға тартуға болатын бірнеше мәселе бар. Мысалы, қол қойылған келісімшартта лицензиялық учаскеге кіретін және ол жерде біз жұмыс жүргізе алмайтын қорық аймақтары туралы айтылмаған. Әрине, бұл біз қаламайтын сценарий. Біз тыныш қана келісімге келуді, мәселелердің бәрін талқылап, жұмысымызды жалғастыру үшін қажет уақыт берілгенін қалаймыз. Іс жүзінде мәселе бюрократияға және шенеуніктердің біздің жұмысымыздың спецификасын түсінбеуіне тіреліп отыр.

Грузияның мұнай және газ агенттігінің бұрынғы басшылығы бізге бұл ведомство жұмысының мәні кәсіпкерлерге мемлекетпен қатынас жасағанда күрделі бюрократиялық мәселелерді шешу болып табылатынын айтатын. Ал қазір мәні неде, егер олар біздің хаттарымызға жауап бермесе? Бұл бізге ғана емес, Грузия жағына да зиян тигізеді. Минималдық бағдарлама бойынша, ал ол екі ұңғыма бұрғылауды қарастырады, алдағы бір жарым жылдың ішінде біз 6 млн доллар қаржы инвестициялаймыз. Біз Грузияда бұрғылау жұмыстарын жүргізетін адамдарды таптық, біздің бригадалар 90%-ға жергілікті тұрғындардан тұратын болады. Бұл әр ұңғымаға 50 адамға жұмыс табылады деген сөз.

 

 

-  «Ақсай ВМС»-тың Грузияда басқа жобалары бар ма?

 

 

- Біздің американдық ION-GXT компаниясымен байланысымыз жақсы, бұл - сеймика жүргізу бойынша әлемдегі озық бестікке кіретін және ғаламшардың барлық төрт мұхитында жұмыс істейтін жаһандық компания. Ол спекулятивті түсіруге маманданған, ал Грузияның жер қойнауын пайдалану агенттігінің оффшорға, яғни, теңіз акваториясына инвестор тартуды қалап жүргені қашан. Бірақ Грузияның оффшорына ешкім кірмейді.

Әлемдік деңгейдегі компанияларды тендерлермен тарта алмайсың, олармен басқаша жұмыс істеу керек. Олар кеңінен, аймақтың геологиясына қарайды. Біздің жағдайда бұл - Қара теңіздің геологиясы, бұл - қазір аса маңызға ие болып отырған Туапсе аймағының геологиясы. Мұнай гиганттары өздері сенетін компаниялардың қорытындыларына ғана назар аударады. ION-GXT сондай компаниялардың бірі болып табылады және сарапшылары Рион бассейні Туапсе аймағының жалғасы болып табылады деп қорытынды шығарған жалғыз компания.

Былтыр жазда біз агенттікке ION-GXT өкілдерін әкелдік, олар: біз зерттеу жүргізейік, «Аксай BMC»-пен бірге жұмыс істейміз, жұмыстың бәрін өз қаржымыздан өтейміз, бигмейджерлерді тартамыз. Бұл жерде жағалау аймағының сейсмикасы туралы сөз болып отыр, бұл жұмыс 4-5 млн доллар тұрады. ION-GXT өз қаржысын жұмсауға дайын болды, ал жұмыстарға жергілікті кадрларды тартатын еді. Бұған Татишвили мырза былай жауап берді: жақсы, бірақ сіздер бюджетке де қаржы төлеңіздер.

Бұл ақылға сыйымсыз. ION-GXT Түркия, Украина, Ресей жағалауында, басқа жерлерде де осындай жұмыс жүргізді. Бұл елдердің биліктері жұмыс үшін төлем жасаған, кейін жүргізілген жұмыстың нәтижесінде аталған оффшорларға ірі мұнай компаниялары келе бастады. Грузия үкіметі өз есебінен жұмыс  жүргізуге дайын компанияның бюджетке де қаржы төлегенін талап етті. Американдықтар ұзақ ашуланды. Жер қойнауын пайдалану агенттігі инвесторларды тарту ісінде табысқа әкелетін материалдарды тегін алу мүмкіндігін қалт жіберді.

 

 

- Егер Рион бассейніндегі ақпарат қуатталса, Грузия қайраңында мұнай барлаумен кім айналысады?

 

 

- Біз «ҚазМұнайГазбен» (ҚМГ) бұл мәселені талқыладық. Бірақ олар оффшор бойынша мамандар емес. Оларда теңіз кен орындарында операциялар жүргізу технологиялары да, тәжірибесі де жоқ. «ҚазМұнайГаздың» Қашағандағы және басқа да оффшорларда үлестері бар, бірақ тек акционер ретінде ғана қатысуда. Қазір олар бір блокта алғашқы қадамдарын жасай бастады. ҚМГ біздің идеяға және ең алдымен, көлік дәлізінің факторына байланысты қызығушылық танытты.

«Ұлы Жібек жолы» жобасының бағыттарының бірі Грузия арқылы өтеді, және «ҚазМұнайГаз» ол жерде өз инфрақұрылымын салуда. Атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» арқылы Батуми мұнай терминалына иелікетеді және Батуми теңіз айлағын басқарады. Бірақ ҚМГ Грузияның теңіз қайраңында мұнай өндіру жобасының перспективаларын білікті түрде бағалай алмайды. Егер бұл жобаға қажет тәжірибесі бар беделді компания қосылса, ҚМГ консорциумның мүшесі болуға қуана келіседі. Операторы емес, мүшесі болуға.

Оффшорларда жұмыс істеу - тәуекелі көп шаруа, алып компаниялар да тәуекелге жалғыз бел бумай, консорциумдар құрады. Әлемдік тәжірибе сондай, оффшорлардың бәрін консорциумдар игеріп жатыр. Сол себепті Грузияда біз тығырыққа тіреліп қалдық. Перспективалы екенін көрмесе, сенімді әріптес пайда болғанша, «ҚазМұнайГаз» бармайды. ION-GXT перспективаны көрді, бірақ оған Грузия үкіметінің шешімі қажет.

Грузия үкіметі былай дейді: ақша төлеңдер, онда қайраңды зерттеуге рұқсатбереміз. Бүкіл шаруа осындай түсінбестікке тіреледі. Ал Грузия акваториясында кен орындары табылмаса да, консорциум жай мұнай бар ма, жоқ па, осыны анықтап, көру үшін ғана кем дегенде 50 млн доллар жұмсайды. Бұл - Грузия экономикасы үшін жақсы қаржы. Бірақ бюрократия мен түсінбестік болашағы бар жобаларға жол бермейді.

 

 

- Сұхбатыңызға рахмет және сіздің компанияға бюрократиялық кедергілерді табысты еңсеруді тілейміз.


adimage