Маңғыстаулық мектептерді жылытуда кідіріс болмауы үшін Т360 млн бөлінді

Ақтау. 21 тамыз. ҚазТАГ – Биыл маңғыстаулық мектептерді жылытуда кідіріс болмауы үшін Т360 млн бөлінді, деп хабарлады облыстық білім басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірова.
«Облыстағы 131 мектептің 49-ы орталық жылыту желісіне қосылған. 82-сы автономдық жүйеде. Биыл оқу мекемелерінде жылытуда кідіріс болмауы үшін Т361 млн бөлінді. Қазір мектептерді, оның ішінде мектеп асханаларын СЭС пен ТЖ мамандары олардың оқу жылына дайындығына тексеріп жатыр», - деді З.Тастемірова.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық туралы актіні 125 мектеп алды.

adimage