«Маңғыстаумұнайгаз» басшысы болып Лео Цзиньчэн тағайындалды

Күні: 14:18, 27-11-2018.

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – «Маңғыстаумұнайгаз» бас директоры болып Лю Цзиньчэн тағайындалды, деп хабарлады «Лада» басылымы.

«Ақтауда ірі мұнай компаниясы «ММГ» АҚ-ның басшылығы ауысты. Бас директор болып бас директордың экс-бірінші орынбасары Лю Цзиньчэн тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Бақыт Алтайұлы Иманбаев атқарған еді», - деп хабарлады сейсенбіде Instagram-да «zhanaozen_online» тобына сілтеме жасаған «Лада» басылымы.

Бұл ретте атап өтілгендей, 2008-2014 жылдар аралығында Лю Цзиньчэн «CNPC - Ай Дан Мұнай» АҚ президенті болған. Ал 2014-2018 жылдар аралығында «Buzachi Operating Ltd» бас директоры қызметін атқарған.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстан Республикасындағы ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорынның бірі болып табылады және өңірдегі өндірістің 31% астамын және республика бойынша 8% қамтамасыз етеді. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның кен орнынан өндіріс басталғалы бері 235 миллион тоннадан бастап мұнай өндірілген. «Маңғыстаумұнайгаз» бүгінде жалпы бастапқы қоры 1124,671 миллион тоннаны (8131 миллион баррель) құрайтын 15 мұнай және газ кен орны бар. Негізгі өнеркәсіптік нысандар Қаламқас және Жетібайда орналасқан кен орындары.


Жаңалықтармен бөлісу: