«Тапсырыс беруші – «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; атауы - трансформаторлар орнату жұмысы; қосымша сипаттамасы - Ақтау қаласы «МАЭК» ЖШС ЖЭО АТДЦТН-200000/220/110/35 типті автотрансформаторды ауыстыра отырып, СТО AT-1 реконструкциясы; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 060 521 071», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 18 маусымда басталып, 23 маусымға дейін жалғасады.
«Ақтау қаласы «МАЭК» ЖШС ЖЭО АТДЦТН-200000/220/110/35 типті автотрансформаторды ауыстыра отырып, СТО AT-1 реконструкциясы жобасының бөлімдеріне сәйкес жүргізілуі тиіс. Жұмыстарды орындау орны: Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Өнеркәсіптік аймақ 7, «МАЭК» ЖШС, СКС. Жұмыстарды орындау мерзімі: жұмыстарды жүргізу кестесінде көрсетілген күннен бастап 7,5 ай ішінде», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: primeminister.kz