«Тапсырыс беруші – «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС; атауы - работы по текущему ремонту турбин («турбиналық жөндеу жұмыстары», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - No3 энергоблоктың турбоагрегатын күрделі жөндеу (турбинасы К-215-130/1 ЛМЗ, турбогенератор ТГВ-200-2МУЗ); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 120 022 468», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 13 қыркүйекте басталған, 23 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото көзі: maek.kz