Максим Рыбников: Ұлттық қордың ары қарай сарқылуы Қазақстанның тәуелсіз рейтингіне теріс әсер етуі мүмкін

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстанның тәуелсіз рейтингі қысым астында қалуда. Мұнай бағасының жоғары болмауы, қазақстандық экономиканың күрт бәсеңдеуі мен монетарлы саясаттың тиімділігінің төмендігі мемлекеттің рейтингтік бағасына кері ықпал етуде. Дағдарыстың ары қарай күшею мүмкіндігі елімізге рейтингтердің ары қарай төмендеу қаупін тудыруда.
Қазақстанның рейтингтік бағаларының болашағы туралы және оған не ықпал етуі мүмкін екені туралы біз S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің «Тәуелсіз рейтингтер» бағытындағы жетекші сарапшысы Максим Рыбниковтың әңгімелеп беруін сұрадық.

- Сіздің агенттік Қазақстанның тәуелсіз рейтингін «ВВВ-» деңгейінде «негативті» болжам белгіледі, десек те ол бұрынғысынша инвестициялық санатына кіреді. Неге S&P-те біздің елдің рейтингтік бағасы осындай? Ол Қазақстандағы ағымдағы күрделі экономикалық жағдайға қаншалықты сәйкес келеді?

- Біздің бағамыз қазақстандық экономикадағы ағымдағы жағдайға сәйкес келеді деп санаймын. Себебі, Қазақстанның тәуелсіз рейтингі 2014 жылы екі рет төмендетілді. Яғни Қазақстан экономикасына кері ықпал еткен сол факторлар мен біздің рейтингтік бағалар – ол біріншіден, мұнай бағасының барынша төмен деңгейге дейін түсуі, бұрынғы тәуелсіз рейтингті төмендеткенде ескерілген болатын.
Десек те, ол шынымен де инвестициялық санат рейтингіне жатуын жалғастыруда және ТМД елдері арасында ең жоғары болып қалып отыр.

- Ал Қазақстанның тәуелсіз рейтингін қандай факторлар қолдап отыр?

- Ең басты және негізгі фактор – бұл халықаралық активтердің үлкен көлемі. Қазір, біздің бағамыз бойынша, олар ЖІӨ-нің 50% құрайды. Бұл барынша жоғары сан. Әрине, ол Парсы шығанағындағы бірқатар елдерге, тіпті Әзірбайжанға қарағанда төмен, ол жақта бұл көрсеткіш 90% жетеді. Десек те бұл бүгінгі күні Ресейдегіге қарағанда барынша жоғары көлем.
Ал егер жаһандық деңгейде алып қарар болсақ, онда активтерінің таза көлемі бойынша Қазақстан барлық рейтингтегі S&P елдерінің арасында 12-ші орында. Ал ол шамамен 130 мемлекет. Сондықтан халықаралық активтер көлемі – Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің бұрынғыша инвестициялық санатқа енуінің ең негізгі факторы.

- Сіз Қазақстанның халықаралық активтері туралы айтқанда, әңгіме Ұлттық қор қаражаты туралы екені де түсінікті. Алайда, сарапшылар атап өткендей, олардың бір бөлігі өтімді болып табылмайды, себебі олар нарықтық емес мөлшерлеме бойынша қазақстандық квазимемлекеттік құрылымға инвестицияланған. Қазақстанның тәуелсіз бағасы барысында бұл фактор ескерілді ме?

- Бұл фактор, әлбетте, рейтингтерге кері ықпал етеді. Алайда S&P сүйенетін сандарға, бүгінгі таңда рейтингтік баға барысында, теңгелік құралға салынған Ұлттық қор қаражатын, біз қоспаймыз. Себеп мынада, олардың өтімсіз актив болуында. Олар әркез нарықтық құн бойынша сипатталмаған, олар бойынша мөлшерлеме өте төмен, көбіне 0,1-0,2%.
Бұдан басқа Ұлттық қор толығымен транспарентті болып қалмайды. Оның композициясына қатысты жариялылық ақпарат барынша көбірек ұсынылғанын қалаймыз: оның қаражаты қайда салынып жатыр, қандай елдерге және актвитерге. Дегенмен біз Ұлттық қор қаражатының маңызды бір бөлігі өтімді дегенге сүйенеміз.

- Ұлттық қор бойынша жариялылық ақпарат бұрынғыша толық емес және шектеулі болып отырған жағдайда ондай сенімділік қайдан келіп отыр?

- Кейбір қорытындыларды жарияланған ақпараттар бойынша да жасауға болады, себебі қор активтері мембюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қолданылады. Яғни оның қаржысының біраз бөлігі өтімсіз болса, онда үкімет оларды қазыналық мақсаттарға тез қолданған болар ма еді.


- Сіз Қазақстанның тәуелсіз рейтингі қолдап отырған басты фактор – бұл жиналған активтердің үлкен көлемім дедіңіз. Алайда жақында ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев Ұлттық қордағы трансферттердің жыл сайынғы көлемі әзірге оның түсімінен артып отыр деп мәлім етті. Бұл Қазақстанның рейтингтік бағасында қалайша ықпал етуі мүмкін?


- Оны күтуге де болатын, себебі біз көріп отырғандай, қазір бұрынғыға қарағанда мұнай бағасы барынша төмен болып отыр. Және Ұлттық қор рөлі қиын кезеңде экономикаға қолдау көрсету болып табылады. Сол үшін ол жиналады.
Бірақ, Ұлттық қор активтерінің барынша төмендеуі жағдайында, мүмкін, ол Қазақстанның тәуелсіз рейтингіне кері ықпал ететіні түсінікті. Себебі барлығы үкіметтің қазыналық саясатына байланысты. Егер, біз күтіп отырғандай фискалдық нығаю болып, және де 2019 жылы шамамен ЖІӨ 0,5% деңгейінде бюджеттің аздаған профициті болса, онда бұл Қазақстанның рейтингтік бағасы үшін оң фактор болады.
Алайда, егер олай болмаса, және біз бюджет дефицитінің төмендемей жатқанын көрсек, ал Ұлттық қор азая берсе, онда ол Қазақстанның тәуелсіз ркйтинг бағасына кері ықпал етуі мүмкін.

- Сіздердің Қазақстанға рейтингтік бағаларыңызға тағы қандай факторлар әсер етеді?

- Фискалдық саясаттан басқа республиканың тәуелсіз рейтингіне сыртқы қатерлер әсер ете алады: егер мұнай бағасы бүгінге біздің болжамға сай қалпына келмейтін болса,онда ол Қазақстанның рейтингтік бағасы үшін әлеуеттік теріс триггер болады.
Тағы бір фактор экономикалық өсім болып табылады. Бүгінге біз Қазақстанның ЖІӨ өсімі биыл 0% болып, келешекте өсе бастайды деп күтудеміз. Егер ол орын алмайтын болса, ол экономикалық агенттіктер үшін белгілі бір қиындықтар тудырады, бюджет кірісі мен банк жүйесіне қысым көрсетеді, онда ол біздің Қазақстанның тәуелсіз рейтингін бағалаудағы теріс фактор болады.

- Сіз қалай ойлайсыз, «Нұрлы жол» мен индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары экономикалық өсімді қаншалықты қолдай алады?


- Бұл сауалға жауапты екі бөлікке бөліп қарауға болады. Бір жағынан бұл бағдарламаларға қаражат бөлу ЖІӨ үшін таза арифметикалық әсер етеді, себебі мемлекеттік шығындар осы көрсеткішті есептегенде автоматты түрде қамтылады. Сондықтан да экономикалық өсім жоғары болады, егер осы шығындар болмаған жағдайға қарағанда. Және биыл біз соны көріп отырмыз.
Яғни егер бағдарламаларды іске асыруға қаражат бөлінбеген болса, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына да, онда ЖІӨ-нің минималды өсімі емес, рецессия көрінген болар еді.
Екінші жағынан, егер мембағдарламаны іске асырудың экономиканың әр түрлі секторларына ықпалын бағалайтын болсақ, ол күрделі мәселе. Біріншіден, қаражаттың қаншалықты тиімді пайдаланылатыны проблема болып табылады. Екіншіден, ол экономиканың әртараптануына септігін тигізе қояды ма екен.
Бірақ, егер мұнай бағасы көтерілмейтін болса, онда өндіріс пен экономика күрт өсе қалады деп күтудің реті жоқ.
Мұнай өнеркәсібінен басқа экономиканың секторларына келсек, онда әртараптандыру мәселесі өте күрделі. Бас елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл бағытта алдағы екі жылда айтарлықтай оң өзгерістер бола қалады деп күту керек емес, тіпті үкімет дұрыс шаралар жасаса да.

- Қазақстанның тәуелсіз рейтингі үшін мемлекеттік қарыздың өсіп отыруы қаншалықты теріс әсер етуі мүмкін?

- Біздің талдама тұрғысынан қарасақ, біз елдің сыртқы ұстанымын бағалағанда, біз мемлекеттік қарызына ғана қарамаймыз, сонымен қатар экономиканың басқа да секторларының, банк жүйесінің және корпоративтік сектордың міденттеріне де қараймыз, себебі экономикаға мемлекеттік емес банктер мен компаниялардың да қиындықтары теріс әсер етуі мүмкін.
Мысалы, егер доллармен алған сыртқы қарыздары көп компания бар болса, ал оның кірісі ұлттық валютада болса, онда ол шот бойынша төлейтін сәтте Орталық банкке валютаға келеді. Дәл осы кезде ол бүкіл экономика үшін проблемаға айналады, себебі Орталық банктің резервтері азаюы керек. Сондықтан біз сыртқы ұстанымды елдің жиынтық қарызы негізінде жасаймыз.
Нақты Қазақстан туралы айта отырып, оның сыртқы позициясы айтарлықтай мықты болып қалып отыр. Бірақ біздің Қазақстанды рейтингтік бағалауымызда бұл көрсеткіш бейтарап деп есептелінеді. Яғни ол республиканың тәуелсіз ретингі үшін оң да емес, теріс де емес – тағы да халықаралық активтердің үлкендігінің арқасында. Сонымен қатар қауіп те бар. Мысалы, біз Қазақстанға келген көптеген инвестициялар қарыз іспеттес. Ол дегеніңіз, олар бір жағынан тікелей инвестициялар, екінші жағынан, оларда қарызға тән сипаттамалар бар: оларды өтеу мерзімі бар, белгілі пайыздары т.б.
Сондықтан Қазақстанның жиынтық сыртқы қарыздары өсетін болса, онда ол қатердің бір факторы болып табылады, оны біз мұқият қарап отырамыз. Бірақ бүгінге Қазақстан үкіметінің едәуір буфері бар. Яғни біз пайдаланып отырған өлшемдер бойынша Қазақстан қарыз алушы емес, таза сыртқы кредитор позициясында тұр.

- Ал Сіз Ұлттық банктің ақшалай-несиелік саясатын елдің рейтингтік бағасына ықпалы тұрғысынан қалай бағалаған болар едіңіз?

- Бүгінгі күнге Ұлттық банктің монетарлық саясаты мен оның икемділігін S&P Қазақстанның тәуелсіз рейтингісі үшін теріс фактор деп бағалайды. Ол көбінесе Қазақстан экономикасының долларлануының жоғарылығымен байланысты. Депозиттердің 60-70% шетелдік валютада жатқан кезде Ұлттық банкке, және де осындай проблемамен ұшырасатын кез келген Орталық банкке де тәуелсіз саясатты жүргізу – өте күрделі міндет.
Егер инфляциялық таргеттеу туралы айтатын болсақ, онда ол икемдірек монетарлық саясат жүргізуге негіз болып табылады, бірақ біз ол Қазақстан үшін жақын келешектің мәселесі емес деп есептейміз.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage