Мамайдың Қазақстандағы ашаршылық туралы картинасы АҚШ-та деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық журналист және саяаткер Жанболат Мамайдың «Зұлмат. Қазақстандағы жаппай ашаршылық» картинасы АҚШ-та RusDocFilmFest-3W орыс тілді деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«The Humanitarian Award – «Зұлмат. Қазақстандағы жаппай ашаршылық», режиссері Жанболат Мамай, Қазақстан. The Humanitarian Award – адамгершілік құндылықтардың сақталуы мен дамуына зор үлес қосқаны үшін адамға, киножобаға немесе фильмге берілетін марапат», - деп хабарлады фестивальді ұйымдастырушылар.
«Зұлмат» («Бедствие») деректі фильмі 23 қазанда көрсетілген.
Картина жаппай ашаршылықтың екі кезеңін қамтыған – 1920 жыл және 1931-1933 жылдар - оның себептері де түсіндіріліп өткен. Ашаршылыққа кеңес билігіне қарсы шыққан «байлардың» мүлкінің тәркіленуі, сондай-ақ жаппай ұжымдастыруды қолға алған кеңес саясаты себеп болыд деген пікірлер келтірілген. Картинада жаппай ашаршылық қазақ халқын жойып жіберу үшін кеңес билігінің қолдан жасағаны ма деген басты сұрақ та қойылады, және бұл биліктің әдейі жасағаны болуы мүмкін деген нақты деректер де келтіріледі.
Картинаның авторы Жанболат Мамай Қазақстандағы жаппай ашаршылықты әлемдік қауымдастыққа қазақтардың басына төнген зұлмат екенін мойындатқысы келеді.
Нью-Йорктегі жыл сайын өтетін деректі кинолардың RusDocFilmFest-3W халықаралық тәуелсіз фестивалі 2007 жылдан бастау алып келеді.

adimage