Мамин «Росатом» басшысымен атом саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Күні: 18:54, 27-03-2019.

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметінен.
«Кездесу барысында атом саласындағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды. Қазақстан – Ресей кәсіпорындарындағы уран өндіру және байыту жобаларын дамытудың өзекті мәселелері қаралды», - делінген сәрсенбідегі хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: