Мамин «Самұрық-Қазына» ДК басқарды

Күні: 13:05, 07-03-2019.

Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ – «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесін Асқар Мамин басқарды, деп хабарлады премьер сайтынан.
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов кірді», - делінген хабарда.
Директорлар кеңесінің құрамынан Бақытжан Сағынтаев пен Тимур Сүлейменов шығарылды.


Жаңалықтармен бөлісу: