Манфред НОВАК, БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ АЛДЫНДА АЛҒАН МІНДЕТТЕРІНЕ ҚАРАМАСТАН, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚАМАУДАҒЫЛАР МЕН СОТТАЛҒАНДАРДЫ АЗАПТАЙДЫ

 

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Айнагуль Бекеева. БҰҰ-ның азаптау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новак Қазақстанның БҰҰ алдында алған міндеттеріне қарамастан, әлі күнге дейін қамаудағылар мен сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттері қолданылатынын айтты. ҚазТАГ-қа берген сұхбатында БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы құқық қорғау органдарында азаптау әрекеттері қолданылатындықтан, Қазақстан бас бостандығынан айыру орындарына күтпеген және жүйелі сапарлар ұйымдастыру үшін, орталықтандырылған ақпарат жинау үшін жағдайлар жасамай отыр деген пікір айтты.          

         - Новак мырза, бұл сіздің Қазақстанға жасап отырған бірінші сапарыңыз емес. Өткен жолы, 2009 жылы сіз бізге азаптау көрген сотталған және қамауда отырған тұлғалардың құқықтарын қорғау бойынша кеңестер беріп кеттіңіз. Қазақстан қайсысын орындап, қайсысын орындамады деп ойлайсыз?

 

- Мен үшін Қазақстанның БҰҰ-ның азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенциясының хаттамасын ратификациялағаны өте маңызды ( 2008 жылы – ҚазТАГ). Бұл Қазақстан бас бостандығынан айыру орындарына жүйелі және күтпеген сапарлар өткізетін ұлттық превентивті тетік құруға міндетті екенін білдіеді.Республика ондай тетікті өткен жылы құруға міндетті еді. Бірақ Қазақстан мерзімді ұзартуды сұрады. Бірақ дәл қазір осы механизмді құратын уақыт келді.

Бізге Қазақстанның әділет министрлігі әзірлеген заң жобасы таныстырылды, бірақ ол лайықты деңгейде орындалмаған. Өйткені бұл жоба факультативті хаттаманың (БҰҰ-ның азаптауларға қарсы Конвенциясының хаттамасы - ҚазТАГ) қағидаларын бұзады. Құжат түрлі ҮЕҰ-лар үшін күтпеген және жүйелі сапарлар жасайтын комиссияларға қатысуға өтініш жасау мүмкіндігін беретін жүйені қарастыру қажет. Құжат ондай комиссияларды құрмайды.

Әрине, егер ҮЕҰ өкілдері осындай комиссиядарға кірсе (ондай комиссиялар құрылса- ҚазТАГ) және ұлттық превентивті тетіктің жұмысына қатысса, мен қуанатын едім. Бірақ бұл халық билігінің институты болуға тиіс. Бұл мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын институтболуы тиіс. Және де осындай механизм мүшелерінің тәуелсіздігіне кепілдік берілуге тиіс. Ал қазір бұл заң жобасына сәйкес, келесі жылға бекіту үшін комиссияларға қатысуға және түрмелерді тексеруге өтініштерді жыл сайын беру керек. Демек, мен биыл өтініш беріп, сын көп айтсам, келесі жылы мені бекітпеуі де мүмкін. Ұзақ мерзімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін тәуелсіздік тетігі қажет.

Сондай-ақ, Қазақстан орындамаған мен үшін ең маңызды екінші кеңес – азаптаулар туралы ақпараттарды алалықсыз тексерумен айналысатын тәуелсіз тетік құрылмаған. Оның жоқтығынан, полиция әлі күнге дейін өз қызметкерлері жасаған қылмыстарды тергейді немесе ҰҚК өз қызметкерлерінің қылмыстары мен бұзушылықтарын тергеумен айналысады. Осыған байланысты азаптау шараларын қолданатын полицейлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ішінен сот алдында жауап беріп, жазаға тартылғандар өте-өте аз.

Мен соттардың мәселесін айтып отырған жоқпын. Мен азаптаулар туралы ақпаратты тез әрі тиімді тексерудің жоқтығын айтып отырмын.

 

- Өткен сапарыңыз кезінде ұсталғандарды, қамаудағыларды, сотталғандарды азаптаудың неше оқиғасын тіркедіңіз? Полиция қызметкерлерінің азаптау әрекеттерін қолданатыны туралы мәлімет беретін статистика бар ма?

 

- Өз баяндамамда мен түрлі органдардан алған азаптау оқиғаларының статистикасын келтірдім, соңғы 10 жылда 5 оқиға болған.

Биылғы жылдың 30 қырқүйегінде мен мемлекеттік биліктің түрлі органдарымен, соның ішінде Жоғарғы соттың, бас прокуратураның, әділет министрлігінің өкілдерімен кездестім. Бәріне айтқаным мынау болды: «Маған сіздердегі статистика мәліметтерін беріңіздерші, өйткені сіздер осы мәселелер үшін жауап беретін органдар болып табыласыз және сіздерде толық статистика бар». Мен ешқандай өзгеріс болған жоқ деп ойлаймын, әйтпесе, маған басқа мәліметтер беретін еді.

Өткен жылы мен мұнда 10 күн болып, бірнеше уақытша оқшаулағышты, тергеу оқшаулағыштарын, колонияларды араладым. Осы 10 күннің ішінде мен Қазақстанда тергеуді басқарушы органдардың бәрі көргеннен де көп азаптау оқиғаларына куә болдым. Мен бізбен еріп келген сот-медициналық мамандарымыз, криминалистеріміз нақты тіркеген жағдайлар туралы айтып отырмын.

Бұл азаптаулар туралы ақпаратты тиімді тексеру үшін саяси еріктің жоқтығын көрсетеді.

 

- Кімнің саяси еркін айтып отырсыз?

 

- Барлық құзырлы органдардың.

 

- 1 қазанда «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйлеу барысында сіз Қазақстанның қылмыстық кодекске азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін жауапқа тарту туралы 341 бапты енгізгеніне қарамастан, жазаны қатайту керек дедіңіз?...

 

- Азаптау дегеніміз өте ауыр қылмыс. Бұл қылмыс кісі өлтіру немесе күш қолдану арқылы тонау сияқты қабылдануға тиіс.

БҰҰ-ның азаптауларға қарсы комитеті азаптаулар анықталса, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуге және қылмыстың ауырлығын ескеруге кеңес берген болатын. Жаза 20 жылға дейін болуы тиіс. Егер полицейлерді шынымен де ұзақ мерзімдерге кессе, бұл олар үшін азаптауға болмайды деген ескерту болар еді.

 

- Пенитенциарлық жүйесін бейқылмыстандыру үшін Қазақстан қандай шараларды қолға алуы қажет?

 

- Мен мемлекет жағдайды жақсартқысы келеді деп ойлаймын. Бұл бағытта көп жұмыс атқарылды. Бірақ жүйеде ашықтық болу керек.

Өз баяндамамда айтқанымдай, азаптауға ұшырағандардың репарация (өтемақы) және оңалу құқықтары қарастырылуы тиіс. Өйткені бұл - өмір бойы жазылмауы мүмкін жара. Сондай-ақ, тегін медициналық және психологиялық көмек қажет.

Және қолға алынуы тиіс тағы бір реформа – жазалаушы әдістері басым кеңестік  жүйеден БҰҰ стандарттарына сәйкес келетін сот төрелігіне ауысу. Түзету мекемелерінің негізгі  міндеті құқық қорғаушыларды оңалту және қоғамға қайта енгізу болып табылатыны нақты жазылған азаматтық саяси құқықтар туралы пактісіне сәйкес. Бұл рецидивизмге жол бермеу үшін жасалады.

Бірақ бұл үшін уақыт қажет. Және пенитенциарлық жүйені жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалып жатқанын мойындаймын.


 


adimage