Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада марафонның өткізілуіне байланысты 16 қыркүйекте бірқатар көше жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтынан.
«AstanaMarathon-2018» марафонын өткізуге байланысты, 16 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толықтай жабылады», - делінген хабарда.
Хабарда нақталанғандай, Astana Marathon-2018 спортшылары 10 және 42,2 шақырымдық екі қашықтықты еңсеруі тиіс.
Бұдан басқа, 11 бағдардағы қоғамдық көліктің қозғалысын уақытша тоқтату көзделіп отыр. Осыған байланысты ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан баратын бағыттарын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауын сұрайды. Айта кетерлігі, марафонға әлемнің 20 мемлекетінен 4 мыңға жуық желаяқ қатысады деп күтілуде.
Марафонның өтікізілуіне байланысты Астанада бірқатар көше жабылады
