Марат Әбділдәбеков: ҚР ірі компаниялары бұлттық қызметтерді пайдалануға бет бұрды

Алматы. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Соңғы кездері ірі корпоративтік сектордағы қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі әлемдік трендке – бұлттық сервиске бет бұрып келеді. Бұлттық технологиялар Қазақстанда қалай енгізіліп жатқанын, және бұлттық қызметтер нарықтың қандай сегментенде шоғырланғанын ҚазТАГ-қа берген сұхбатында «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Марат Әбділдәбеков айтып берді.

 - Марат Мухтарұлы, айтыңызшы, «Қазақтелекомның» бұлттық технологиялар саласындағы стратегиясы қандай? Компанияның осы нарықтағы рөлі қандай? 

 - Әлемдік бетбұрыс көрсетіп отырғандай, ІТ нарығы бұлттық шешімдер бағытында дамып келеді, және «Қазақтелеком» да осы бағттағы үрдістерден қалмауға тырысуда. Қазақстан нарығында «Қазақтелеком» бұлттық қызметтер мен сервис көрсетуде алғашқылардың бірі болып отыр. 2012 жылдан бастап біз белсенді түрде жаңа өнім енгізіп келеміз, дәстүрлі қызмет көрсету үлгісі ақырындап «бұлттық» қызметтерге алмасып келеді. Біздің компания өзін уақыт талабына сай Қазақстан ІТ-нарығындағы иноватор болып, бұлттық қызмет көрсетуші ретінде танытып отыр. Ол қызмет сапа мен қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай келеді. «Қазақтелеком» өзіне жақын аралықта нарықтың әр сегментіне: орта және шағын бизнестен бастап, жеке тұлғаларға және ірі және корпоративтік клиенттерге де бұлттық қызмет көрсету мақсатын қойып отыр.

 - «Қазақтелекомның» ниеті нақты қандай шараларда, өнімдер мен технологияларда көрініс беруде? 

 - «Қазақтелекомның» бұлттық өнімдерінің тізбесі ауқымды және үнемі жаңа өнімдермен толықтырылып отырады, мысалы, 2012-2013 жылдары Micrsoft өнімдері базасында Exchange, Sharepoint, Lync сынды қызметтер іске қосылды. Сондай-ақ стандартты Virtual Private Server-ден бастап, параметрлері жағынан кеңейтілген Dynamic Cloud Server –ге дейін және клиенттің бұлттағы толыққанды жеке дата-орталығы «Virtual Data-Center» сынды бұлттық виртуалдық серверлер беру сияқты өнімдері де бар. Сондай-ақ 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ ДИС атынан «мәліметтерді сақтау жүйесі» қызметі іске қосылды, ол ақпараттар массиві үлкен ірі корпорацияларға да жеке тұлғаларға да бағытталған.

 - Бұлттық технологиялардың басқаларынан айырмашылығы неде, және бұлттық технологияларды пайдаланудың артықшылығы неде?

 - Бұлттық сервистердің ең басты айырмашылығы – пайдаланушы тікелей бизнес-міндетке қажет белгілі бір ресурс пулын алатындығында, демек тек сол қуатқа ғана ақы төлейтіндігінде. Сондай-ақ «бұлт» клиенте алдына қойған міндетті шешуге кететін уақытты ғана пайдалануға мүмкіндік беретінін айтуымыз керек. Жоғарыдағы айтылғандардың барлығы «бұлттық шешімдер» басқа технологияларға қарағанда икемдірек екенін атап кету керек. «Бұлттық» шешімдер базасындағы сервистерді пайдалана отырып, клиент қосымша ресурстарға ыңғайлы қосыла алады. Негізгі айырмашылығы мен артықшылығы – пайдаланушы сервиске ғана нақты дерекке ақы төлейді, сол арқылы ІТ құрылымға капиталдық қаржы салу айтарлықтай қысқарады.

- Ақпаратты сақтау және өңдеудегі жаңа буын технологияларды жасағанда негізгі қандай факторлар ескеріледі?

 - Бұлттық технологияларды дамытудың келесі кезеңі меніңше, мәліметтерді өңдеудің бағдарламалық-анықталатын орталығына көшу болып табылады. Ондай дата-орталықтарда жеке өзіңіздің виртуалды МӨО қалыптастыруға болады. Ол есептеуге, сақтауға, желіде жұмыс жасауға және қорғауға қажет ондағы бар барлық виртуалдық ресурстарды пайдаланатын логикалық оқшауланған болады. Негізгі міндет - қызмет көрсетуді тездету, шығынды азайту және барлық процессті оңтайландыру болып табылады. Бағдарламалық-анықталатын МӨО дегеніміз - бағдарламалық-анықталатын есептеулерді, бағдарламалық-анықталатын желілерді, оның ішінде қауіпсіздікті, сондай-ақ бағдарламалық-анықталатын мәліметтерді сақтау жүйесін қамту деген сөз. Бағдарламалық-анықталатын МӨО барлық инфрақұрылымы виртуалданған, және сервис түрінде ұсынылады. Қажет кезінде кез келген бизнес-міндетке қайта құрылады. МӨО бақылау толығымен автоматтандырылған және арнайы БҚ (бағдарламалық қамтамасыз етулер – ҚазТАГ) арқылы атқарылады.

 - Бұлттық технологиялар виртуалды ортада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете ме?

- «Бұлт» ұғымымен байланысты технологиялар арасында ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты технологиялар міндетті түрде болады. Ақпараттық қауіпсіздік клиент арасында қауіпсіз канал (VPN ретінде белгілі) құрудан басталып, қауіпсіздік бойынша қосымша сервистермен толығады. Клиент әдетте қауіпсіздік үшін жекелей төлем жасамайды, бұл сервистер бұлтты сервисті ұсыну барысында ескерілген. Ақпараттық қауіпсіздік міндеттерін жүзеге асыруға қолданушы секілді, бұлтты қызмет провайдері де қатысады. Бұл ретте әрине негізгі бөлігі бұлтты сервис провайдерлерімен жүзеге асырылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көпқабатты процесс болып табылады. Бұлтты сервис провайдері байланыстың жоғалып кетуінің алдын алу, тоқтаусыз қуат көзі міндеттерін шешу секілді қажетті шараларды жүзеге асырады. Кешенді шараларды қолдану арқылы ғана тиімді қорғанысқа қол жетеді. Дегенмен қажет БҚ және құрал сатып алу, интеграцияға кететін шығындар қаржының көптеп салынуын қажет етеді. Сондықтан көпшілікке арналған бұлт шағын және орта бизнес компаниялары үшін өзбетінше ашқан инфрақұрылымдар мен веб-сервистерге қарағанда қауіпсіздеу болып келеді.

 - Бұлтты технологияларды қолданып жатқан қазақстандық кәсіпорындарды мысалға келтіре аласыз ба? Бизнестегі бұлтты сервистің орны қандай? 

 - Бұрын ірі қазақстандық кәсіпорындар өзінің алаңдарын, дата-орталықтарын дамыту трендін ұстанатын еді. 2014 жылдың нәтижесіне қарай отырып, біз ірі корпоративті салалардың бұлтты қызметті қолдануға көшіп жатқанын байқаймыз, және бізде біз ұсынатын бұлтты қызметтерді, оның ішінде аталмыш ірі ұлттық компаниялардың виртуалды дата-орталықтарын, бұлтты жүйені қолданып жатқанының мысалы да бар. Бюджеттің шығын бөлігін оңтайландыруға байланысты барлық ұлттық компанияларда, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдарда көптеген қолданушылар әлемдік трендке бет бұруда, компаниялар жалға алу, сервис сатып алу үлгісіне көшуде, былайша айтқанда - инфрақұрылым ресурстарын жалға алу секілді, қосымшаларды да жалға алу жүріп жатты. Және осы жерде бұлтты құрылым осындай стратегияны жүзеге асыруда ең оңтайлы тәсіл болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компаниялар тобы үшін бұлтты сервис провайдері болып табылады және бұлтты сервис қызметін ұсыну бойынша мемлекеттік сектормен белсенді жұмыс жүргізеді. Бизнесте қолданушылар үшін бұлтты технология маңызды рөлге ие. Бұған дейін де айтылғандай, оның басты басымдығы бұлтты сервистің компанияның бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беруі, ІТ мамандарының штатын қысқарту секілді, өз кезегінде қымбат тұратын қосымша ІТ - құралын сатып алу шығындарын да қысқартады.

 - Қазіргі таңда Батыста бұлтты технология барынша сәтті дамуда, ал Қазақстанда бұл сервиске деген сұраныс қандай, және компанияның алдағы жылға деген жоспары қандай?

 - Бұлтты технология Қазақстанда баяу дамуда, Батысқа қарағанда. Бұл аталмыш технологияның отандық нарықта жақында ғана пайда болуымен байланысты. Десек те оған деген сұраныс жыл сайын артуда. Бұлтты технология нарығы жас және жаңа болып табылады және қолданушылар бұлтты технологияның оң тұстарын енді ғана түсініп жатыр. Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ сұраныс пен клиенттердің тілектерін ескере келе, жыл сайын «бұлтты» өнімнің сапалысын шығаруда. Алдағы жылдары «Қазақтелеком» АҚ виртуалдандыру процесін және ірі компаниялар мен Қазақстан Республикасы ШОБ бұлтты технологияға көшуін барынша арттыруды жоспарлауда. Ол үшін «Қазақтелеком» дата-орталықтардың инфрақұрылымын қарқынды дамытуда. Оған Павлодар қаласындағы дата-орталықты мысалға келтіруге болады, ол Орталық Азиядағы Tier III класты сертификатталған дата-орталық болып табылады. Сонымен қатар «Қазақтелекомның» жоспарында SaaS қызметін дамыту үшін БҚ шығарушылармен әріптестік қарым-қатынасты дамыту да бар. 

 - Сұхбатыңызға рахмет!

adimage