Марат Молдабеков: Қазақстандық ғалымдар жалақы алмағалы бес айдан асты

Алматы. 30 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстандық ҒЗИ қызметкерлері жыл басынан бері жалақы алмады. Ғалымдар ереуілдеп, митингіге де шықпақшы деген әңгіме бар. Ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы Марат Молдабеков осыншама төтенше шараларды қолдамайтындығын мәлім еткенімен, қазақстандық ҒЗИ-лар бағыныңқы министрлік шенеуніктерінің жүгенсіздігін төзуге де ешқандай күш-қуат жоқ деп отыр.

- Марат Зинаділұлы, меніңше, бізде ҒЗИ-лерді қаржыландыру бірнеше деңгейлі. Жалақының тежелуі сонымен байланысты емес пе?

- Жартылай алғанда – солай. «Ғылым туралы» ҚР заңына сай ғылымды қаржыландыру келесідей болып бөлінген. Базалық қаржыландыру бар, оның қаражаты персоналды, әкімшілік-басқаруды (докторларды, бухгалтерлерді т.б.) қаржыландыру үшін, коммуналдық қызметті өтеуге, жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.
Екінші бап – гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру, осыдан ғылыми қызметкерлер өздерінің ғылыми жобалары мен бағдарламалары үшін жалақы алады, егер олар байқаудан өтіп, гранттарды жеңіп алған болса.
Жыл сайын жалақының тежелуі наурыздың аяғына дейін байқалады. Ғалымдар оған үйреніп те кетті, байқаулық жүйе, процедуралар қажет... Ал биыл өзіндік рекорд жасалды, тек сәуір айының ортасында ғана базалық қаржыландыру бойынша қаражат келіп түсе бастады, ал ғылым бойынша – он күн бұрын және барлық бірдей ҒЗИ-лерге емес, тек қана ҚР білім және ғылым министрлігіне жататындарға ғана.
Осындай ҒЗИ-лер ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволарында да бар – ол дегеніңіз 23 институт пен тәжірибелік шаруашылық, оларда ешқандай қаражат жылжушылығы жоқ.
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің ведомстволарындағы ҒЗИ-лер де әзірге жалақысыз отыр. Бірақ ондағы жағдай сәл де болса оңай, себебі медициналық ҒЗИ-лер халыққа ақылы қызмет көрсете алады, сөйтіп күнін көреді. Қалған институттарда ондай мүмкіндіктері жоқ.


- Министрлікте өзіндік ақталу бар ма? Сіз бірінші басшыларға жазбаша түрде жүгінген боларсыз.


- Иә, біздің ғалымдардың тапсырмасымен кәсіподақ атынан ғылым және білім министрі Сағадиевке хат жазып, осы проблемаларға жіті назар аударуын сұрадық. Ал проблемалар келесідей: адамдарда тым болмаса көлікпен жүруіне қаражат жоқ, баспана үшін ақы төлеу мүмкін емес, көбінесе ол баспаналар жалға алынған баспаналар. Мен ғылымнан басқа салаларға кеткісі келетін жастарды түсінемін.
Институт директорлары да қиын жағдайда отыр: базалық қаржыландыру болмағаны себепті оларды электр энергиясынан, судан ажыратып тастау қаупі төнген, ол дегеніңіз жұмысты тоқтатып, іс жүзінде мекеменің жабылуына әкелуі мүмкін. Салық төлеуге де мүмкіндік жоқ, штаттық кесте бойынша институтта қызметкерлер бар ғой, тым болмаса кіріс салығы да төленбейді. Салдықшылар есеп шотты мүлдем қамауға алуы да мүмкін.
Екі апта бұрын біз БҒМ-нен министрліктің ғылым комитетінің анықтамасы түріндегі жауап алдық. Онда институтқа қанша қаражат аударылғаны және әлі қанша аударылмағаны туралы жазылған. Ол анықтама бойынша жағдай келесідей сияқты.
2015 жылмен салыстырғанда биыл ғылымды қаржыландыру 2,5 есеге қысқарған. Егер былтыр ол сома 29 млрд теңгені құраса, биыл 11,8 млрд болып отыр. Жаңа министр үкіметке жүгініп, ол қаражаттың жетіспейтіндігін дәлелдеп, қосымша 14,7 млрд теңге бөлдіріпті. Егер жыл басында гранттардың мөлшерлерін бекітетін ұлттық ғылыми кеңестер әр жобаны қысқартумен айналысса, енді қосымша қаражат бөлінгелі себепті олар қайтадан, кімге, қанша қосымша бөлу керектігін анықтаумен айналыса бастады. 8 сәуірде ол жұмыс аяқталған секілді. Осы жерде сұрақ туындайды: 1,5 айдан астам уақыт өтті, ал қаржыландыру неге әлі күнге жоқ? Ғылым комитетінің төрағасы Жолдасбаев тым болмаса екі апта күтіңдер, қаржыландыру барады, деп жазады.
Осы сияқты хатты Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов жолдасқа да жібердік. Себебі оларда қаражат қозғалысы мүлдем жоқ. Одан жауап алмадық.


- Бірақ осы жағдай гранттар мен бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруға ғана қатысты. Ал базалық қаржыландыруға қатысты министрлік не деп отыр?


- Базалық қаржыландырудың тежелуін мүлдем түсіндірмейді. Жалғыз айтылғаны, жоғарыда айтылған анықтамада 2017 жылдан бастап ҒЗИ-лермен базалық қаржыландыру туралы келісімдерге тікелей жаңа жылдың қаңтарынан бастап қол қойылады деп көрсетілген. Ол не беретін уақыт көрсетер.


- Ал қазір ғалымдар ереуілге шығуға және тіпті митингіге баруға дайын ба?


- Еңбек туралы заң бізге ұжымдық еңбек дауы аясында наразылық танытуға мүмкіндік береді. Ол ереуілмен аяқталуы мүмкін, немесе тіпті митингімен. Митингі туралы айтсақ, біз жерге қатысты митингіні көрдік – оған қалай тиым салғанын, кейін митингіге шыққандарды қалай қудалағанын. Бізге рұқсат бермейтіндігін де түсінеміз, сондықтан оған өтініш те берген жоқпыз.
Ереуілге қатысты айтсақ, оның жолы күрделі. Бірінші қадам: кәсіпорындарда (бәрінде бірдей емес) жиналыс өткізіп, басшыларға шығып, жалақы жоқтығына шағымдану керек. Әрине, ҒЗИ басмшылығы ол талапты қанағаттандыра алмайды, себебі қаржыландыру жоқ. Сөйтіп екіжақты бітімгершілік комиссия құрылады, егер оның аясында келісімге келе алмаса, арбитраждық комиссия құрылады. Және тек содан кейін барып ереуіл жарияланады. Көріп отырғаныңыздай, заңды процедура уақыт жағынан созылыңқы, бірақ ол біздегі еңбек туралы заңның жетілмегендігінен.
Жалпы алғанда біздің кәсіподақ шектен шығарлық шараларды қолдамайды, біз көпшілікті көшелерге шығару міндетін қойып отырған жоқпыз. Бірақ адамдарды да осыншама мезі етуге болмас. Иә, БҒМ қосымша қаражыландыру алғанын және оны таратуға уақы керектігіне сілтемелейді. Ал егер үкімет, айталық, тағы ақша бөлген болса, оны да 1-2 ай бөлумен айналыса ма?


- Қазіргі жағдайда қаржыландыру түрін өзгерту мүмкін емес пе?


- Бәрі де мүмкін, қаржыландыру түрінің жетіспейтінгі айдан анық қой. Және оны, біздің пікірімізше, екі жолмен реттеуге болады. Институттарға аванс түрінде қаржы бөліп, негізгі қаражат түскен бойда қайта есептесуге болады, немесе ғылыми қызметкерлердің лауазымдық жалақысына базалық қаржыландыруды қосу, ал гранттық - осы окладтарға қосымша түрде болар еді.
Жоғарыда айтқанымыздай, биыл БҒИ институттары бойынша тіпті базалық қаржыландырудың өзі 4,5 айға кешікті, ал АШМ ҒЗИ-лерінде қаржыландыру әлі жоқ.
Және осындай жағдай жыл сайын соңғы ондаған жыл бойына байқалып келеді. Министрлер өзгергенімен қарым-қатынас жүйесі өзгермейді. Ал биыл, тіпті, рекорд қойылып отыр.
Тіпті, байқау туралы айтатын болсақ – ол да жыл сайын емес, әр үш жылда бір рет өтеді. Егер конкурс жылы ол тежелсе, оны түсінуге болар. Ал конкурс жоқ кезде проблема неде? Жауап жоқ.


- Қазір қанша адам жалақысыз жұмыс істеп жатыр?


- Егер БҒМ жүйесіндегі 35 ҒЗИ мен АШМ жүйесіндегі 30-шақты (оның ішінде тәжірибелік шаруашылықтар бар), ДСӘДМ жұйесіндегі шамамен 20-шақты ҒЗИ-лерді есептесек, орташа алғандағы штат 150 адам десек, онда жалақы алмай отырғандар шамамен 13 мың ғылыми қызметкер.


- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage