Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы министрлігінің мемкіріс комитетінің басшысы болып тағайындалды

Күні: 18:14, 18-10-2018.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ - Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды. Ол осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік - экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған», - делінген бейсенбідегі хабарда.  
42 жасар М.Сұлтанғазиев еңбек жолын Алматы қаласында салық органдары жүйесінде бастаған, онда ұзақ уақыт бойы әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Кейін Қаржы министрлігінде департамент директоры, әрі қарай ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік - экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, өткен жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментін басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: