Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Күні: 18:37, 04-12-2018.

Ақтөбе. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өңір әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік мәселелер бойынша облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша өңір басшысының өкімімен Тоқжанов Марат Лұқпанұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбіде Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен.  
М.Тоқжанов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстанның  кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары қызметін, ал оған дейін 2007-2017 жылдар аралығында Батыс қазақстан облысының жергілікті атқарушы органында басшылық қызметтер атқарған: Орал қаласы әкімінің орынбасары, БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі, БҚО білім басқармасының басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, БҚО әкім аппаратының басшысы және әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.  


Жаңалықтармен бөлісу: