Мас ақтөбелік, пойыздың төбесіне мініп, Алматыға жетпек болған

Күні: 17:32, 22-09-2021.

    Ақтөбе 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Пойыз төбесінде мас болған ақтөбелік Алматыға жетпек болды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«20 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны алкогольдік мас күйде Ақтөбеден Алматыға жету үшін Алматы-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызының құрамындағы тепловоздың төбесіне шықты.»- бұл туралы Көлік полициясы басқармасының бастығы          Оңал Бекиев мәлімдеді.
    Оның айтуынша, «қоянның» поезбен кету әрекеті нәтиже бермеді, жас жігітті көлік полициясының патрульдік полицейлері тепловоздың төбесінен түсірді.
«Ұсталған жігіт бірден Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің үш бабы бойынша -«Темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу»,«Темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұзу» және «Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп қорытындылады полиция генерал -майоры.
    Бекиев сонымен қатар бұл азамат бұған дейін қоғамдық орындарда мас күйінде және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын қосты.
 


Жаңалықтармен бөлісу: