Маусым айының басында Нұр-Сұлтанда қаламаңы бағыты ашылуы мүмкін

Астана. 26 мамыр. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Маусым айының басында Нұр-Сұлтанда қаламаңы бағыты ашылуы мүмкін, деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов.
«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Мен мамыр айының соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты (Талапкерге, Қосшы, Қояндыға қаламаңы маршруттарын - ҚазТАГ) әзір жүргізбейміз деп ойлаймын. (...) Маусым айының басынан бастап егер эпиджағдай осындай тұрақты болатын болса қаламаңы бағыттарын ашамыз деп ойлаймын», - деді Көлгінов сейсенбідегі брифингте агенттік тілшісінің Талапкер мен Қосшыға қаламаңы маршруттары қашан жүреді деген сұрағына берген жауабында.
Ол әкімдіктің «қаламаңы маршруттарының жұмысын тезірек қалпына келтіруге» тырысып жатқанына уәде берді.

adimage