Маусым айының ортасына дейін Павлодарда екі көшені кеңейтуге Т130 млн астам жұмсалады

Павлодар. 24 мамыр. ҚазТАГ – Маусым айының ортасына дейін Павлодарда екі көшені кеңейтуге Т130 млн астам жұмсалады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сәтпаев көшесінен Ертic Olympic гүлзарына дейін Теплов көшесін кеңейту қарастырылған. Жол бұрын 7–ден 9 метрге дейін болатын, енді 10-нан 12 м-ге дейін кеңейтіледі. Бөлінген сома Т129 млн құрайды. Жұмыстар тізіміне радиустарды кеңейту, тротуар салу, өтетін жолды төрт жолға дейін кеңейту кіреді. Жұмыстар мамыр айының басында басталды, аяқталу мерзімі – маусым айының ортасы», - деп хабарлады Павлодар әкімдігі ТҮКШ бөлімінің жол жөндеу секторының меңгерушісі Николай Казанин.
ТҮКШ бөлімі секторының меңгерушісінің ақпарынша, Теплова көшесін кеңейтуге бұл жермен өтетін көлік құралдары ағынының қарқындылығы, Ертic Olympic гүлзарына келушілер санының артуы себеп болып отыр.
«1 Мамыр көшесі бойынша кейбір учаскелерде біржақты қозғалыс бар, екі жаққа да кедергісіз өтуге мүмкіндік жасау үшін жұмыстар жүргізілетін болады. 1 Мамыр көшесіне Т103 млн. бөлінген. Бұрын бұл жердегі учаскелер 5-6 м.болған еді. Жолды 7 м дейін кеңейтеді (…). Екі жақты қозғалыс ұйымдастырылады. Шығыс жағы кеңейтіледі, сондай-ақ тротуар да салынады», - деді Казанин.
Шенеуніктердің айтуынша, «Дорстрой» ЖШС мердігер мекемесі қосымша көшелерде және айналма жолдарда тесіктерді бітеуге қатысты жұмыстар жүргізіп жатыр.
Хабарда атап өтілгендей, 1 Мамыр және Теплова көшелерінің бөлігінің жүретін жағын кеңейтуге жалпы сәйкесінше, Т232 млн – Т103 млн және Т129 млн бөлінген.

adimage