Маусым сайын ОҚО-дағы тау шаңғылық шипажайға 10 мыңдай турист келеді

Шымкент. 28 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) тау шаңғылық шипажайға маусым сайын 10 мыңдай турист келеді, деп мәлім етті ОҚО туризм басқармасының туризм бөлмінің жетекшісі Перизат Қонысбаев.
«ОҚО-дағы тау шаңғылық шипажайға 10-мыңдай турист келеді. Бұл жобаның ерекшелігі, мұнда тек кәсіби спортшылар емес, өңір тұрғындары да жаттыға алады», - деді сейсенбі күні П. Қонысбаева телефон арқылы.
Тау шаңғысы трассасының ұзындығы 6 км. ОҚО басшылығы шипажай жылына 8 ай жұмыс істейді деп отыр, ал жазғы маусымда онда тынығу аймағы болады. Құрылыс салушылардың жоспарынша, Сайрам- Өгем ұлттық бағындағы Қасқасу шатқалында бірнеше бассейні бар отель салынбақшы.
Инфрақұрылым салу жұмыстары басталды. Құрылыс құны Т13 млрд. Билік бұл шипажай 8 жылда өзін ақтайды дейді. Құрылыс жұмыстарына шамамен 4 жыл керек.
Әкімшіліктегілер құрылыс кезінде ағаштар кесілмейтініне және табиғатты қорғау шараларын бақалуда ұстап отыруға уәде етті.

adimage