Майқайың кентіндегі ақауды жөндеу жұмыстарына байланысты «Богатырь-Көмір» АҚ-на су беру уақытша тоқтатылды

    Павлодар.26 ақпан.ҚазТАГ- Майқайың кентіндегі ақауды жөндеу жұмыстарына байланысты «Богатырь-Көмір» АҚ-на су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты «Богатырь-Көмір» АҚ-на су беру уақытша тоқтатылды. Бұл ретте көмір өндірісі зардап шеккен жоқ, өйткені, оған судың қажет жоқ. Ал, кәсіпорынның шаруашылық қажеттіліктері үшін су жеткізілуде»,- деп мәлімдеді дүйсенбі күні Павлодар облысының әкімдігі.
   Белгілі болғандай, қазіргі уақытта 5 учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде (жер асты және жер үсті құбырлары). Су құбырының әрбір учаскесінде мамандар құбырдың қатып қалуы мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізіледі. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытуда.
   Анықталған ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде барлығы 4,1 шақырымға жуық құбыр жылытылды.
   Майқайың кентіндегі d 1020 мм суық су құбырында анықталған ақауды жөндеу жұмыстары жалғасуда.
   Барлығы 143 адам және 60 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.
   Суды тәулігіне орташа тұтыну 250 м3 құрайды.
   «Резервуарларда тұрақты түрде тәулікке жеткілікті су қоры бар. Резервуарды тұрақты түрде толтыру қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған»,- деп жауап берді әкімдік.

adimage