Майра Бөгембаева: Қазақстандықтардың мемлекеттік тапсырыспен әлемдік деңгейде кардиохирургиялық ем алу мүмкіндігі бар

Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда төрт жыл бұрын ТМД-дағы алғашқы қазақстандық-түріктік Almaty Sema Hospital клиникасы ашылған болатын. Оның дәрігерлері жүрекке мыңнан астам ерекше оталар жасады, оның ішінде 90%-дайы мемлекеттік тапсырыспен. ҚазТАГ тілшісі осы клиниканың дамыту жөніндегі директоры Майра Бөгембаевамен кездесіп, Қазақстанда шетелдік клиниканы ашу қаншалықты мүмкін екендігін және түрік медицинасының отандық медицинадан қаншалықты айырмашылығы бар екендігі туралы сұраған еді. 

- Алматыда төрт жыл бұрын Almaty Sema Hospital клиникасы ашылған. Онда тек алматылықтар ғана білікті көмек ала ала ма? 

- Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрт жыл бұрын Түркияға жасаған сапарынан соң екі елдің басшылары кардиохирургиямен байланысты күрделі ауруларды емдеуге күш-жігерді біріктіру туралы шешім қабылдады. Ол кезде бұл қазақстандық хирургияның өзекті мәселесі болатын. Отаға кезекте 3,5 мың адам тұрған. Қазір жағдай жақсарды, себебі әр облыстық орталықта кардиохирургиялық клиникалар ашылды. Енді біздің ел пациенттерінің таңдауы бар. Егер нақты біздің клиника туралы айтатын болсақ, онда осы уақытқа дейін жүрекке мыңнан астам ота жасалып, оның ішінде 600-ге жетеғабылы ашық жүрекке жасалды. Біздің клиникамыз көптеген қазақстандықтардың өмірін сақтап қалды десек болады. Sema клиникасы бүкіл Орталық Азия өңіріне есептеліп ашылған болатын. Сіз аралап шыққанда көргеніңіздей, бізде Семейден, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Алматы облысы мен сондай-ақ Орталық Азиядан – Қырғызстан мен Өзбекстаннан пациенттер ем алып жатыр. 

- Сіздің клиникада жүрекке нақты қандай оталар жасалады? 

- Кардиология бөлімінде тарылған күре тамырды балондық ангиопластика әдісімен, стентирлеу отасын жасайды; электрокардиостимуляторлар мен дефибрилляторлардың барлық түрлерін имплантациялайды, туа біткен жүрек талмасына, сондай-ақ ондаған күрделі басқа да оталар жасалады. Ал олар үшін бұрындары қазақстандықтар шетелге баруға мәжбүр болатын. Түрік медицинасы әлемдегі күшті медицина ретінде өздерін таныта алды. Өкінішке қарай, қазір отандастарымыз Қазақстанда да әлемдік деңгейдегі клиниканың барлығынан бейхабар. Мұнда Жапония, АҚШ, Германия мен басқа да еуропалық елдердің белді фирмаларының жабдықтары орнатылған. Жалпы хирургия бөлімінде ота жасайтын блок бейнеэндоскопиялық қондырғымен жабдықталған, ол қан ағызбай, зонд арқылы ішкі құрылыс пен жамбас және кеудеге ота жасауға мүмкіндік береді. Және де хирургиялық қызмет тәулік бойына жұмыс жасайды. Пациент түнгі уақытта түсетін болса, оған шұғыл көмек көрсету үшін бір сағаттың ішінде барлық тексерулер жасалады. Клиникада терезелері үлкен, жарық палаталар бар. Пациенттер көбінде осы терезенің ар жағында тіршілік қайнап жатқанын көріп, өздері де тез жазылып сол тіршілікке араласқысы келетін құлшыныстарын айтады. Almaty Sema Hospital директоры Эркан Жеңгиз бізге ауыр науқастары бар пациенттер келеді, ал біз олардың тез арада сауығып кетуін қамтамасыз етуіміз керек дейді. 

- Көптеген қазақстандықтар үшін Түркия жазғы шопингі мен демалыс елі сияқты елестейді. Түркия қай кезден бастап медицинасын дамыта бастады және сіздің клиниканың барлық дәрігерлері де түркиялықтар ма? 

- Бізде, әрине, дәрігерлердің негізгі құрамы Түркиядан, бірақ біздің де мамандар бар. Клиникадағы жұмыс заманауи жабдықтар мен білікті мамандарға арқа сүйеді: бас дәрігер Адем Дженкжи, кардиолог Дамирбек Осмонов, нейрохирург Туйчибой Абдуллаев, кардиохирургтер Энвер Левент, Нұрәлі Шәкіров, Еркебұлан Мағауин, Бауыржан Дүйсенбин, сәулелік диагностикадан бас маман - Бағдад Медеев, офтальмолог Лунара Мәмеқадырова. Көбісі, жастығына қарамай, тамаша білім алып, машық жетілдіруден өтіп, әріптестері мен пациенттерінің арасында беделге ие. Иә, Түркия туризм, шопинг, құрылыс индустриясы елі ретінде танымал, бірақ денсаулық саласындағы түбегейлі өзгерістердің арқасында ол бұрыннан-ақ медицинасы дамыған ел қатарына енген. Осы елдегі көптеген клиникаларда халықаралық JCI аккредитациясы бар. Енгізілген халықаралық стандарттар арқасында Түркия ежелден-ақ медициналық туризм еліне айналды. Бас клиника Sema Istanbul-да жыл сайын 20 мыңнан астам еуропалық емделеді. Прагматикалық еуропалықтар инновациялық технологиялар мен дәрігерлерді таңдай біледі. Оның үстіне бағасы да қол жетімді. Түркиядағы баға Германия мен Израильдегі белді клиникалардан екі есеге арзан. Назарбаевтың Түркияға жасаған сол сапарынан соң Sema медициналық технологияларды Қазақстанға жеткізетін көпір болу ұсынылды. Біз қазір жергілікті мамандарды дайындаумен айналысып жатырмыз. 

- Шетелден пациент тарту үшін, медицина деңгейі өте жоғары болуы тиіс. Түркияда дәрігерлерді даярлау қалай жүзеге асырылады және оларға деген талап қандай? 

- Түркияда, бірінші кезекте, медициналық кадрларды даярлау жүйесі өзгеріске ұшыраған. Осы елде білім алған қазақстандықтардың сөзіне сүйенсек, медициналық университетке түсу өте қиын: қатал іріктеу, өту балы жоғары, теориялық және практикалық даярлықтың үйлесуі. Түркияда мемлекеттік емханалармен қатар өзгерістердің локомотиві болған жеке медицина да бар. Және осы иерархияда айрықша орынды университеттік клиникалар алады. Дәл соларда, бірінші кезекте, медицина ғылымының соңғы жетістіктері жасалып, ендіріледі. Мысалы, Америкада шыққан жаңа ғылыми монография жылдың соңына дейін түрік тіліне аударылып, барлық қалаған медиктер үшін қолжетімді болады. Оған қоса, кардиология, кардиохирургия, офтальмологиядағы бірқатар жаңа әдістемелер Еуропада алғаш рет тап осы Түркияда сынақтан өткізілген. Мәселен, Анталиядағы онкологиялық клиника Еуропада көшбасшы болып табылады. 

- Сіз өзіңіздің клиникада қазақстандық мамандардың да жұмыс жасайтынын айттыңыз. Олар өздерінің түрік әріптестерінің білімі мен тәжірибесіне қойылатын талаптарға сәйкес келе ме? 

- Біздің клиника – Fatih университетінің жанындағы Sema Istanbul университеттік емханасының филиалы. Біз өзімізге қазақстандық жастар – ұлттық медуниверситет пен медколледждердің түлектерінің арасынан кадрлар дайындаймыз. Персоналдың үштен екісі – біздің азаматтар. Олар бойынша қатаң іріктеу жүреді. Негізгі көпшілік бастапқыда Ыстамбұлда тағылымдамадан өтті. Сосын Almaty Sema Hospital базасында қарқынды үдеріс жүрді. Мысал үшін, біздің жас кардиолог-мамандар – Төлеш, Әбілқайырова – осы уақыт ішінде жалғыз функционалды диагностика – ЭКГ, эхокардиография, мониторлау холтерінің ғана емес, сонымен бірге коронарографияның, стентирлеудің әдістемелерін меңгерді. Бүгінгі таңда олардың әрқайсы 100-ден астам коронарография, ондаған стентирлеу орындаған. Сондай-ақ олар аритмологиямен айналысады. Жас кардиохиругтар ашық жүрекке ота жасауда – қолқаны коронарлық шунтирлеу, клапандарды протездеу. Маған белгілі болуынша, қазір шекара сыртындағы білім алуға бет алғандардың бәрі бірдей мұндай нәтижелермен мақтана алмайды. Бірақ ең бастысы – білім беру халықаралық стандарттарға сай келесідей командамен жүреді: дәрігер, орта медперсонал және көмекші қызметтер. Осымен қатарлас ғылыми басылымдарда жарияланумен, халықаралық конференцияларға қатысумен бірге талдау жүргізіледі. Іс жүзінде Қазақстанға арналған мамандарды даярлау тегін жүруде. Жастар шетел аспай-ақ, әлемдік стандарттар бойынша оқиды, бұл бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады. Бүкіл медициналық білім жүйесін бағалау қиын. Әрине, барлығы адамға байланысты. Біздің нейрохирургтар, мәселен, жұлын мен бас миға отаны сәтті жасайды. Емханада мамандар жетерлік: құлақ дәрігері (лор), офтальмолог, балалар хирургі, жалпы хирург, уролог. Бізде қолқаға ауыр оталар, аденоманы эндоскопиялық трансфеноидалды жою, бас ми тамырларының аневризмасын клиптеу жасалады. Бүгінге дейін емхана базасында елдің өзге де өңірлерінен дәрігерлер, медбикелер тағылылдамадан өтті. 

- Almaty Sema Hospital – Қазақстандағы алғашқы шетелдік клиника. Оның ашылуы Қазақстан медицинасында нені өзгертті? 

- Almaty Sema Hospital клиникасы лицензияны 2010 жылы алды. Бірінші пациенттерін 2011-дің наурызында қабылдады. Жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем жүргізуге тұңғыш мемтапсырысты 2011 жылдың аяғында алды. Осы уақыт аралығында пациенттердің саны 10 есе ұлғайды, жүргізілген оталардың саны – 9 есе, мемтапсырыстар сомасы – 15 есе, бұл мемлекеттің тарапынан болған сенімді айғақтайды. Емхана аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті. Біздегі 90%-ға жуық ота енді мемтапсырыс бойынша жүргізіледі. Бұл сандардың артында ғажап өзгерістер тұр, әр сан терең мағынаға ие. Қазақстанда алғаш рет 100%-дық жеке инвестордың қатысуымен клиника ашылды, бұл нормативті-құқықтық базаны жетілдірудің, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ендірудің арқасында мүмкін болды. Оған дейін медқызметтер нарығын шетелдік медқұрылғы жеткізушілер, фармөндірушілер мен әр түрлі дәрежедегі кеңесшілер түнегі және көптеген бизнес-жаттықтырушылар таныстырған. Әлі күнге дейін оталар, кеңестемелер жүргізу бойынша бір реттік шеберлік сыныптары кеңінен практикаланды. Талай рет, жоғары кеңесшілер кеткен кезде, отадан кейінгі кезеңде пациенттер жергілікті дәрігерлермен қалып, соңғылары емдеу процесін қисынды аяғына жеткізіп отырды. Ота кезінде немесе одан кейін пациенттер қаза тапқан кезде, проблемалық жағдайлар да болды. БАҚ-та аты шулы жариялымдар да болды. Алматыда Sema Istanbul атты түрік клиникасы филиалының ашылуы жаңа кезеңді белгіледі. Бәрінен бұрын, бұл жауапкершілік шарасы – біздің елдің заңнамасын сақтай отырып, барлық дәрігерлер дипломдарын нострификациялау (шетелдік білімді тану – ҚазТАГ) рәсімінен өтті, Қазақстанда дәрігерлік тәжірибені жүргізуге мүмкіндік беретін маман сертификаттарын алды. 

- Сіздің клиниканың осындай жетістігіне байланысты сіз бәсекелестердің – басқа да ірі шетелдік клиникалардың пайда болуын күтіп отырсыз ба? Және Қазақстанның өзге қалаларынан филиалдар ашуды жоспарлап жатсыздар ма? 

- Біз, бірінші кезекте, медқызметтерді кеңейтумен жұмыс істегіміз келеді және тек кардиохирургия мен кардиологияға тоқтап қалуға ынталы емеспіз. Нейрохирургиямен, урологиямен белсенді айналысып, диагностика мен емдеудің аз инвазивті әдістерін пайдалану жоспарлары бар. Жедел кардиологиялық жәрдем көрсету жоспарда бар. Жоғары сұранысты ескере отырып, онкодиагностиканы дамыту келешекті көрінеді, әсіресе ерте кезеңдерінде. Түркияда сәтті экорәсімдердің пайызы жоғары. Әлбетте, жоспарда географияны кеңейту – Қырғызстанның елордасы – Бішкекте филиал ашу бар. Басқа да филиалдарды құру жоспарлануда. Almaty Sema Hospital Қазақстандағы шетелдік медицинаның алғашқы өкілі болып тіркелген болып шықты. Біздің Алматыда емдеу мекемесін ашу тәжірибеміздің арқасында, біздің әріптестер, менің мәліметім бойынша, Қазақстанда басқа да шетелдік клиникалар өз өкілдіктерін ашуға ниеттеніп отыр. 

- Қызықты сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage