«Медиазона» бас редакторы: Біз Орталық Азиядағы негізгі сот процестерін бақылайтын боламыз

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Танымал ресейлік «Медиазона» басылымының бас редакторы Сергей Смирнов ҚазТАГ агенттігінің тілшісіне жақында жұмысын бастаған «Медиазона. Центральная Азия» сайты өңірдегі негізгі сот процестерін бақылайтын болады деді.
«Тақырыптары да «Медиазонадағыдай» болады: соттар, қылмыстық істер, кемсітушіліктер мен адам құқығы, үйдегі зорлық. Жоспарда ең алдымен ұлттық тілге аудару тұр, бұл бірінші кезекте. Және өңірдегі негізгі сот процестерін бақылайтын боламыз», - деді Смирнов бейсенбі күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне.
«Медиазона» – 2014 жылы Pussy Riot тобының қатысушылары Надежда Толоконникова мен Мaрия Алехина құрған ресейлік интернет-басылым. Сайт, Ресейдегі сот, құқыққорғау органдары мен пенитенциарлық жүйе туралы колумнистика, сондай-ақ саяси көзқарастары үшін Ресей азаматтарын қудалаудың түрлі жағдайлары туралы жаңалықтар, талдаулар жариялайды.
«Медиазона» Ресейдегі сот процесі туралы хабар таратуда жаңалығы барынша көп қолданылатын БАҚ болып табылады, ал басылым журналистері БАҚ саласында бірқатар жоғары марапат иелері.

adimage