Мемаудиторлар тиімділік және сәйкестік мәніне «Хабардың» алматылық филиалын тексереді

Күні: 15:28, 26-07-2019.

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Мемлекеттік аудиторлар тиімділік және сәйкестік мәніне «Хабардың» алматылық филиалын тексереді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекеттік аудит нысанының атауы: (…)«Хабар» АҚ (Алматы филиалы); аудит түрі – тиімділік, сәйкестік аудиті; тексеру түрі – ішкі мемлекеттік аудит; мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі – 2017, 2018, 2019 жылдар; аудит өткізу мерзімі – 2019 жылдың II-III тоқсаны», - делінген Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ішкі аудит департаментінің мемлекеттік аудит нысандарының тізімінде.
Медиахолдинг филиалынанм басқа, құжатқа сәйкес, тиімділік және сәйкестікмемаудит нысандары тізіміне мыналар да енгізілген: «Жас өркен» ЖШС (2018-2019 жылдар), «Халықаралық мәдениет және дін орталығы» РМБ (2018 жыл), «Қазақ газеттері» ЖШС (2018-2019 жылдар), ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өзі де (2018-2019 жылдар).


Жаңалықтармен бөлісу: