Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді

   Астана.8 маусым.ҚазТАГ- президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
   «Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді»,-делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.
   Кездесуде олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.

adimage