Меммүлік комитеті Қазақстан мемменшігіндегі жекешелендірілген нысандарды сатып алушылардың есімдерін жария етеді

Күні: 13:48, 05-11-2014.

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитеті мемлекеттік меншіктегі жекешелендірілген нысандардың жаңа қожайындарының есімдерін жариялауды жоспарланып жатқаны туралы бас прокуратураға және басқа да бірқатар ұйымдарға сұраным, сондай-ақ сауда-саттық қатысушыларына хаттар жөнелтті, деп хабарлады ҚР ҚМ меммүлік комитетінің басшысы Эдуард Өтепов.
«Біз бас прокуратураға сұраным жіберіп, олармен жұмыс істеудеміз, және де сауда-саттықтың барлық қатысушыларына олардың аты-жөндерін жариялау туралы өтінішпен жүгініп хат жолдап жатырмыз. Оларды атамауларын сұраған кері хаттар бар. Онда аты-жөндері, тегі бар, оған түсініктеме беріп жатпаймын», - деді Э. Өтепов мүлікті заңдастыру мен жария ету мәселелері жөніндегі брифингіде.
Ол меммүлік комитеті өкілдерінің қатысуымен өтетін келесі брифингіде аты-жөндерін жариялау мәселесінің нәтижелері туралы хабарлайтынын атап өтті.
«Ол үшін (нысандардың жаңа ие аты-жөндерін жариялау мемлекеттік нысандарды жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу – ҚазТАГ) ережелеріне ешқандай өзгерістер қажет ептейді. Және ол аты-жөндер жарияланылады», - деп түйді меммүлік комитетінің басшысы.
Оның ақпарынша, заңдастыру бағдарламасының аясында сауда-саттыққа қойылған және қазанда сатылған 24 нысанның 14-і бойынша электронды сауда-саттық өткізілді. Қазанда сатылған ең қымбат нысан «Мак-Екібастұз» ЖШС – Т1 млрд 21 млн. Ең қызу сауда-саттық «Қазығұрт-Оңтүстік» нысаны бойынша орын алды, онда барлық сауда-саттықтардан да көп қатысушы болды – 5, баға ұлғайтудың 50 қадамы жасалды. Екі нысан да бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға тиесілі болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: