Меморгандарға Түркістанға көшу үшін Түркістан облысының бюджетінен Т2,4 млрд қарастырылған

Күні: 18:17, 13-09-2018.

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Меморгандарға Түркістанға көшу үшін Түркістан облысының бюджетінен  Т2,4 млрд қарастырылған, деп хабарлады ҚР қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов.
«Бюджет жобасы Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлініс шығындарын қарастырады: республикалық маңыздағы Шымкент және Түркістан облыстарына. мәселен, Шымкентке бюжеттік қамту деңгейін теңестіру үшін қосымша Т1,2 млрд және Түркістан облысындағы меморгандарды Түркістанға көшіруге  Т2,4 млрд қарасытрылған», - деді Б.Шолпанқұлов бейсенбі күні мәжілісте «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасының таныстырылымында.  
Оның айтуынша, жалпы 2019 жылы бұл өңірлерге республикалық бюджет қаржысы есебінен Т2,6 трлн бөлінген.  
«Бұл шамамен бюджеттің жалпы шығынының 24%-ы», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: