Мен өзімнің айтқан сөздеріме әр кез 100% сенуге тырысамын – Келімбетов

Күні: 16:34, 29-10-2014.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов өзінің айтқандарына әр кез 100% сенуге тырысатынын мойындады.
«Иә (айтып тұрғандарыма сенуге тырысамын – ҚазТАГ). Мен өзімнің айтып тұрғандарыма 100% сенуге тырысамын, себебі мен сенімсіз болсам оны айтпаймын», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күні журналистердің осыған қатысты қойған сауалына жауап беріп.
Оның айтуынша, ақпан айындағы бір реттік девальвациядан соң теңге тым әлсіреп кеткен деп Ұлттық банкті белсенді сынға алды, бірақ жазда реттеушіні девальвацияны жеткілікті дәрежеде жүргізбеген деп айыптапты.
«Бізде барлық еркектер футболдың маманы сияқты, барлығы да макроэкономика саясатын әр кез түсінетіндей. Тағы қайталап айтамын, ақпан айында жүргізілген валюталық түзетулер алты ай қорытындысы бойынша жүргізілді», - деді ол.  
Атап айтқанда, деді Қ. Келімбетов, Ұлттық банк девальвацияны жүргізгенде ресейлік валюталық нарықтағы жағдайды есепке алынды.


Жаңалықтармен бөлісу: