«Менің елім-Мәңгілік ел» этнографиялық экспедициясының қатысушылары Шымкенттің көрікті жерлерін аралады

Шымкент. 30 қазан. ҚазТАГ - «Менің елім-Мәңгілік ел» этнографиялық экспедициясының қатысушылары Шымкенттің көрікті жерлерін аралады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігініің баспасөз қызметінен.  

«Менің елім-Мәңгілік ел» этнографиялық экспедициясының қатысушыларына Шымкенттің көрікті жерлері ұнады. Алдымен автокөлік экспедициясының қатысушыларын қалаға кірер ауыздағы Бәйдібек би ескерткішінің алдында жақсылап қарсы алды. Сосын кездесу өңірдегі ең үлкен ЖОО М.Әуезов ат. ОҚМУ-де жалғасты», - деді бейсенбіде баспасөз қызметінен.  

Шымкентте экспедицияға қатысушылар қала көшелерін аралап, ескерткіштер мен тарихи көрікті жерлермен танысты. Сосын кездесу университетте жалғасып, онда саяхатшылар студенттер мен педагогтарға өздерінің мақсаттарын таныстырды, сосын оларға естелікке М.Әуезов бейнеленген  кілем сыйға тартылды  

«Бұл өте ескі қала, тарихтың барлығы осы жерде сияқты сезімге бөленесің», - деп бөлісті өз әсерімен экспедиция басшысы   Евгений Рибалко.

Хабарда айтылғандай, экспедиция Маңғыстау облысынан бірнеше тәулік бұрын шыққан және 8 мың шақырымды жүріп өткен.  

adimage