Мереке күндері Қазақстан бойынша кей жерлерде қар жауады, бұрқасын және екпінді жел тұрады

Күні: 13:50, 14-12-2018.

Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – 15-19 желтоқсанда Қазақстан бойынша кей жерлерде қар жауады, бұрқасын және екпінді жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың батыс облыстарында қар жаууды тудырған циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив шығыс бағытына қарай ығысады. Осы циклонның Қазақстан аумағы арқылы жылжуына байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі, ал көктайғақ және тұман республиканың басым облыстарында сақталады. Болжанып отырған кезеңнің соңында тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуы және антициклонның ығысуымен байланысты республиканың басым облыстарында күн суытады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: