Мереке күндері Қазақстанда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – Мереке күндері Қазақстанда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген сәрсенбіде 9-13 мамырға арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер нақтылағандай, батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі.
«Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз. Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage